Toggle Dropdown
1
«Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 мамырда № 20694 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 26 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсін:
Toggle Dropdown
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларында:
Toggle Dropdown
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«1. Төтенше жағдай кезеңінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету «Электрондық үкімет» веб-порталындағы (бұдан әрі – Портал) «Электрондық өтініш» сервисі (бұдан әрі – Сервис) арқылы осы Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес толтырылған, сондай-ақ интернет-ресурс арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады:
Toggle Dropdown
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
Toggle Dropdown
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
Toggle Dropdown
4) жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
Toggle Dropdown
5) жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
Toggle Dropdown
6) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау;
Toggle Dropdown
7) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
Toggle Dropdown
8) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
9) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
Toggle Dropdown
10) мүгедектерге кресло-арбалар беру;
Toggle Dropdown
11) мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
12) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
Toggle Dropdown
13) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
Toggle Dropdown
14) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту;
Toggle Dropdown
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
Toggle Dropdown
16) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Toggle Dropdown
17) көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
Toggle Dropdown
18) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау;
Toggle Dropdown
19) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
Toggle Dropdown
20) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау;
Toggle Dropdown
21) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;
Toggle Dropdown
22) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;
Toggle Dropdown
23) ақталған адамға куәлік беру;
Toggle Dropdown
24) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
Toggle Dropdown
25) жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдемдесу;
Toggle Dropdown
26) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
Toggle Dropdown
27) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
Toggle Dropdown
28) мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;
Toggle Dropdown
29) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
Toggle Dropdown
30) еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
Toggle Dropdown
31) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау;
Toggle Dropdown
32) жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау.
Toggle Dropdown
Төтенше жағдайдың қолданысы тоқтатылған жағдайда шектеу шаралары, оның ішінде карантин сақталған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінің 20) тармағында көрсетілген қызметті қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтер өтініш берушінің таңдауы бойынша тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен немесе осы Қағидаларда белгіленген тәсілмен және тәртіппен берілген электрондық өтініш негізінде шектеу шаралары, оның ішінде карантин алынғанға дейін жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігінің 20) тармақшасында көрсетілген қызметті көрсетуге өтініш Портал арқылы берілген жағдайда, төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін шектеу шараларының, оның ішінде карантиннің қолданысы сақталған кезде көрсетілетін қызметті алушыны куәландыру тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұрғылықты жер бойынша куәландырудан өтуге мүмкіндік бермейтін шектеу шаралары, оның ішінде карантин қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде (бұдан әрі – МӘС бөлімі) жүзеге асырылады.»;
Toggle Dropdown
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2-1. Көрсетілетін қызметті алушылардың төтенше жағдай және (немесе) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шектеу шаралары, оның ішінде карантин қолданылған кезеңде жарамдылық мерзімі өткен жеке басын куәландыратын құжаттар оларды ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қолданылады.
Toggle Dropdown
Бұл ретте қызметтер төтенше жағдай режимінің қолданылуы тоқтатылған күнді қоса алғанда, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында шектеу шаралары, оның ішінде карантин қолданылған жағдайларда – олар тоқтатылғанға дейін көрсетілетін болады.»;
Toggle Dropdown
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«5. Мемлекеттік корпорацияның филиалы, жергілікті атқарушы орган және Департамент 2 жұмыс күні ішінде электрондық өтінішті көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының тиісті аудандық немесе қалалық бөліміне, қаланың немесе ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, халықты жұмыспен қамту орталығына, МӘС бөліміне жібереді.»;
Toggle Dropdown
24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«24-1. Өтініш беруші Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 110 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20174 болып тіркелген) бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға және нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларында көзделген әлеуметтік төлем (бұдан әрі – төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлем) алған жағдайда, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) үшін кірісті есептеген кезде өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай болған айлар есептен алып тасталады және көрсетілген кезең алдындағы немесе одан кейінгі басқа тікелей айлармен алмастырылады.»;
Toggle Dropdown
24-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«24-2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеген кезде төтенше жағдай кезеңіндегі әлеуметтік төлемді алған кезең зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне қосылады.»;
Toggle Dropdown
мынадай мазмұндағы 24-5-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«24-5. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 224 қаулысына сәйкес «0» коэффициенті қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген адамдардың зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі, сондай-ақ кірісі жұмыс берушінің анықтамалары негізінде ескеріледі.»;
Toggle Dropdown
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«25. Төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық жиынтық:
Toggle Dropdown
төтенше жағдай кезеңінің әр айының бірінші күніндегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
Toggle Dropdown
тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Toggle Dropdown
тұрақты негізде мемлекеттік бюджет есебінен медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерді және бас бостандығынан айыру орындарындағы мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;
Toggle Dropdown
мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдарға;
Toggle Dropdown
халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тiркелген жұмыссыздарға ұсынылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бірнеше санаттарға жататын әрбір адамға тек бір негіз бойынша ғана азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беріледі немесе ақшалай қаражат аударылады.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға азық-түлік-тұрмыстық жиынтық беру немесе ақшалай қаражат аудару төтенше жағдай жарияланған айдан бастап және төтенше жағдай режимінің қолданылуы аяқталған айды қоса алғанда, осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес айқындалған құрамда (мөлшерде) ай сайын жүзеге асырылады.».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды;
Toggle Dropdown
4) осы бұйрықты облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелеріне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына жеткізуді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Н. Мұқышевқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нурымбетов