Кіріспе алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)










Отправить по почте

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ Заңы
Кіріспе алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бейбіт жиналыс – сипатына қарай бейбіт, күш қолданылмайтын және қаруланбайтын, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, халықтың имандылығын, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделеріне қатер төндірмейтін болып табылатын, Қазақстан Республикасының азаматтары жиналыс, митинг пен демонстрация, шеру мен пикеттеу нысанында өткізетін жария іс-шара;
2) бейбіт жиналысқа қатысушы – бейбіт жиналысқа өз еркімен қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
3) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын – республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы бейбіт жиналыстар өткізу үшін айқындаған жалпыға ортақ пайдаланылатын орын немесе жүру маршруты;
4) бейбіт жиналысты ұйымдастырушы – бейбіт жиналыс өткізуге бастамашы болатын, оны өткізуді ұйымдастыратын және бейбіт жиналыс барысы мен оған қатысушыларға басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы немесе кәмелетке толған азаматтарының тобы немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлға;
5) демонстрация – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының белгілі бір уақытта белгілі бір маршрут бойынша қозғалысы, бұл көлік құралдары пайдаланыла отырып, дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе пайдаланылмай, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады;
6) жергілікті атқарушы орган – республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
7) жиналыс – қоғамдық маңызы бар мәселелерді және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттерін (әрекетсіздігін) ұжымдық жария талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта бірлесіп болуы;
8) митинг – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта бірлесіп болуы, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады;
9) өтінішті келісу – жергілікті атқарушы орган демонстрация, шеру нысанында бейбіт жиналыс өткізуге беретін құжат;
10) пикеттеу – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының белгілі бір жерде, белгілі бір уақытта болуы, бұл қозғалыссыз және дыбыс күшейткіш техникалық құралдар пайдаланылмай, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады;
11) хабарлама – бейбіт жиналысты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға жіберетін, белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта пикеттеу, жиналыс немесе митинг нысанында бейбіт жиналыс өткізу ниеті туралы алдын ала құлақтандыру;
12) шеру – қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың және (немесе) органдардың, ұйымдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) бойынша пікірін жария білдіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматтары тобының көлік құралдарын пайдаланбай белгілі бір уақытта, белгілі бір маршрут бойынша жүріп өтуі, бұл дыбыс күшейткіш техникалық құралдар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіттеу құралдары пайдаланыла отырып немесе онсыз, талаптар қойыла отырып немесе онсыз жүзеге асырылады.
2-бап. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүддесінде осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, бейбіт жиналыстар бостандығы құқығы шектелмейді.
3. Осы Заңды бұза отырып, жиналыс, митинг, демонстрация, шеру және пикеттеу өткізуге тыйым салынады.
4. Төтенше, соғыс жағдайы немесе терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген кезде олардың қолданылу кезеңінде бейбіт жиналыстар өткізуге «Төтенше жағдай туралы», «Соғыс жағдайы туралы» және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.
5. Осы Заңның күші жабық үй-жайларда іс-шаралар, ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралар, жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстары мен жиындарын, көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстарын, сондай-ақ құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар өткізуге байланысты қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, оларды өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы», «Мәдениет туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалады.
6. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
3-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.01.2025 жылғы № 153-VIII Заңына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтарының бейбіт түрде жиналып, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттеуді өткізу құқығын іске асыруға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы;
2) іс-шараларды өткізу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау;
3) жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулер мен пикеттеуді ұйымдастыру және өткізу үшін жағдайлар ұсыну.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің күш қолданылмайтын сипаты;
2) заңдылық;
3) мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
4) қатысу еріктілігі;
5) бейбіт жиналыстар өткізу пайдасына презумпция;
6) тараптардың жауапкершілігі.
2-тарау. БЕЙБІТ ЖИНАЛЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
4-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға мыналар жатады:
1) бейбіт жиналыстарға ықтимал қатысушыларды құлақтандыру;
2) жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш беру;
3) бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыларға медициналық және өзге де қажетті көмек беруге құзыреті шегінде жәрдем көрсетуі;
4) үгіттеуді Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілдермен жүргізу;
5) бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының мемлекеттік кауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында бейбіт жиналыстарға қатысушылармен түсіндіру жұмысын жүргізуі;
6) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мақсатында жасалатын өзге де әрекеттер.
5-бап. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы
1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |