• Мое избранное
«Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжатты бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжатты бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжатты бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 38-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжат бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;  
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Мырзағалиев
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы «__»_______
№ _____ бұйрығымен бекітілді
Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжат
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануы туындаған кезде метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу үшін нұсқаулық-әдістемелік құжат (бұдан әрі – Нұсқаулық) Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау және жедел-өндірістік бөлімшелерін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін арналған:
1) Қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар/ауа райының күрт өзгеруінің туындау қаупі мен фактісі жөніндегі ақпаратты (дауылды ескертулерді/хабарландыруларды) құрастыру және беру бойынша;
2) қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластану жағдайлары туралы ақпараттарды (хабарландыру) анықтау және беру бойынша;
3) қоршаған ортаның жоғары және экстремалды-жоғары ластануын, қауіпті және табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың/ауа райының күрт өзгеруінің салдары туралы мәлімет жинау және ақпарат беру.
2. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау және жедел-өндірістік бөлімшелері байқау пункттері – қоршаған ортаның метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық және экологиялық сипаттамаларын байқаудың стационарлық немесе жылжымалы пункті арқылы бақылауды жүзеге асырады.  
Осылайша пункттер қоршаған ортаның мынадай метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық және экологиялық сипаттамаларын бақылауды жүзеге асырады:
1) агрометеорологиялық құбылыстар – өсімдіктердің өсуі мен дамуы және ауыл шаруашылығы өндірісінің жағдайын қалыптастыратын табиғи процестер кешені;
2) ауа райының күрт өзгеруі – қарқындылығы бойынша апатты өлшемшарттарға жетпейтін метеорологиялық құбылыстар, бірақ экономиканың жекелеген салаларының және халықтың өндірістік қызметін қиындататын ауа райы жағдайлары;
3) дүлей гидрометеорологиялық құбылыс – белгілі бір өлшемшарттарға, қарқындылыққа, таралу ұзақтығы мен ауданына жеткен кезде адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін, мемлекет экономикасының салаларына елеулі залал келтіруге және табиғи апаттар немесе төтенше жағдай туғызуға ықтимал мүмкіндігі бар метеорологиялық, гидрологиялық, агрометеорологиялық және теңіз гидрометеорология құбылыстары;
4) дүлей гидрометеорологиялық құбылыстардың өлшемшарттары – сапалық немесе сандық сипаттама, оған жеткен кезде гидрометеорологиялық құбылыс дүлей болып саналады;  
5) беткейлі су ағыны – беткей шегінде қалыптасатын ағын;  
6) гидрологиялық құбылыстар – өзендер мен көлдерде пайда болатын гидрологиялық процестің нәтижесі болып табылатын табиғи процестер мен құбылыстар: су тасқыны, су тасуы, кептелу, сең;  
7) «Дауыл» индексімен дауылды хабарлама (жеделхат) – қауіпті және табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың басталуы және күшеюі туралы ақпарат;
8) «Авиа» индексімен дауылды хабарлама (жеделхат) – қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстардың тоқтатылуы немесе бәсеңдеуі туралы ақпарат. «Авиа» индексімен беріледі;
9) дауылды ескерту – қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар орнының/ауа райының күрт өзгеруінің туындауын, сақталуын, күшеюін болжау;  
10) дауылды ескертудің алдын ала болжамы – ескерту берілген сәттен бастап қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстардың/ауа райының күрт өзгеруі туындаған сәтке дейінгі уақыт;  
11) дауылдарды келісу – дауылды ескертудің мәтінін алу және келісу.
12) дауылды хабарландыру – айқындалған аумақта басталған қауіпті және дүлей гидрометеорологиялық құбылыстар/ауа райының күрт өзгеруі туралы хабарлама;
13) еріген қар суы – жаңбырдың және еріген сулардың арқасында бөктер шегінде қалыптасатын арнасыз ағын;  
14) жергілікті апатты гидрометеорологиялық құбылыс - метеорологиялық станция төңірегіндегі жергілікті жердің ерекше жағдайларынан туындаған, шектелген көлемдегі алаңда байқалатын дүлей құбылыстың өлшемшарттарына жеткен құбылыс;
15) жедел-болжамдық бөлімше – дауылды ескертулер мен хабарландырулар жасауды, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын, сондай-ақ тұтынушыларды қоршаған ортаның нақты жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге жауапты Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің құрылымдық бөлімшелері;
16) жоғары ластану – қауіпті мәндерге (өлшемшарттарға) жеткен кезде адамдардың денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіру мүмкіндігі бар атмосфералық ауаның, құрлықтың жер үсті суларының, теңіз суларының, топырақтың ластануы, радиоактивті ластануы;  
17) кептелу – өзеннің жеке учаскесінде арнаның қысылуын және су деңгейінің өзгеруін тудыратын сең жүруі кезінде мұздың жиналуы;
18) қауіпті құбылыс – экономиканың жекелеген салаларының қызметін едәуір қиындататын немесе кедергі келтіретін және өзінің сандық мәні бойынша дүлей гидрометеорологиялық құбылыстың өлшемшарттарына жетпейтін құбылыс;
19) қоршаған орта – атмосфералық ауаны, жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара іс-әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы;
20) метеорологиялық құбылыстар – атмосферада туындайтын табиғи процестер мен құбылыстар;
21) сең – күзгі мұз қату кезеңінде өзеннің жеке учаскесінде арнаның қысылуын тудыратын және су деңгейінің өзгеруіне алып келетін мұздың су ішіндегі борпылдақ бөліктері және қабыршақ мұз массаларының жиналуы (сулы қар және мұздың су ішіндегі борпылдақ бөліктері);
22) су тасқыны – қатты жауған жаңбырдан және қысқа мерзімде қардың еруінен туындайтын, тұрақсыз су деңгейінің жылдам көтерілуі. Су тасудан айырмашылығы су тасқыны жылдың кез келген уақытында туындауы мүмкін;
23) су тасуы – қар мен мұздың еруінен туындайтын өзендердегі су деңгейінің жыл сайынғы көтерілуі;
24) топан су – көктемдегі қар еруінің, қатты жауын-шашын, бөгеттердің бұзылуының, суды желмен айдауының әсерінен туындайтын өзен, көл, су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде елді мекенді су басу;
25) теңіз гидрометеорологиялық құбылыстар – теңіз акваторияларында пайда болатын метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар немесе олардың үйлесімі;
26) хабарландыру – қоршаған ортаның жоғары және экстремалды жоғары ластануының анықталғаны туралы мәліметтерді және белгілі бір аумақта оларды сипаттайтын экологиялық шама мәндерін қамтитын ақпарат;
27) шекті рұқсат етілген концентрациялар – Қазақстан Республикасының нормаларына сәйкес белгіленген нормативтер;
28) экстремалды жоғары ластану – қысқа әсерден кейін халықтың денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне зиян келтіретін немесе ықтимал зиян келтіретін қоршаған ортадағы ластаушы заттар құрамының (концентрациясы) деңгейлері;
3. Осы Нұсқаулық негізінде, кезекшінің (кезекші ауысымның) іс-қимыл нұсқаулықтары әзірленеді, онда мыналар көрсетіледі: