• Мое избранное

Отправить по почте

Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 710 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 98 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 наурызда № 5766 болып тіркелді

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қызылорда қаласындағы "Сәулет-34" көшесіне "Қазбек Төреманов" есімі берілсін.
2. Қызылорда қаласының мына құрамдас бөліктері: 
1) "Набережная" көшесі "Тәуелсіздік" даңғылы; 
2) "1-дачная" көшесі "Аққайың" көшесі;
3) "2-дачная" көшесі "Жауқазын" көшесі; 
4) "3-дачная" көшесі "Жастілек" көшесі;
5) "2-оңтүстік өткел" көшесі "Керуен" көшесі;
6) "Восточная" көшесі "Ақберен" көшесі;
7) "Жоғарывольтты" көшесі "Аманат" көшесі;
8) "Бумажников" көшесі "Ғарышкер" көшесі;
9) "Зеленое кольцо" көшесі "Теректі" көшесі; 
10) "Квартальная" көшесі "Жәдігер" көшесі;
11) "Кирпично-Заводская" көшесі "Жетіген" көшесі;
12) "Коминтерна" көшесі "Аламан" көшесі;
13) "Кирпичная-1" көшесі "Ақсұңқар" көшесі; 
14) "Кирпичная-2" көшесі "Дәстүр" көшесі;
15) "Мостопроезд" көшесі "Дәулет" көшесі;
16) "Проектируемая" көшесі "Ұшқын" көшесі;
17) "Проектная-1" көшесі "Шаттық" көшесі;
18) "Садовая" көшесі "Гүлдала" көшесі;
19) "Свобода" көшесі "Қайнар" көшесі;
20) "Светлая" көшесі "Өнеге" көшесі;
21) "Техникумский" көшесі "Құлагер" көшесі;
22) "Энергетиков" көшесі "Татулық" көшесі;
23) "1-линия" тұйығы "Қуаныш" тұйығы; 
24) "2-линия" тұйығы "Бақыт" тұйығы;
25) "Больничный" тұйығы "Табыс" тұйығы;
26) "Восточный" тұйығы "Жігер" тұйығы;
27) "Геннадий Рашин" тұйығы "Тұмарлы" тұйығы;
28) "Геннадий Рашин-1" тұйығы "Ұлағат" тұйығы;
29) "Иван Тургенев" тұйығы "Толағай" тұйығы;
30) "Крепостной" тұйығы "Ғибрат" тұйығы;
31) "Кривой" тұйығы "Мұрагер" тұйығы;
32) "Майский" тұйығы "Табиғат" тұйығы;
33) "Полигонный" тұйығы "Айбын" тұйығы;
34) "Привокзальный" тұйығы "Игілік" тұйығы;
35) "Проездный" тұйығы "Алдаспан" тұйығы;
36) "Проектируемый" тұйығы "Шапағат" тұйығы;
37) "Светлый" тұйығы "Көкжиек" тұйығы;
38) "Совет" тұйығы "Сәттілік" тұйығы;
39) "Техникумский" тұйығы "Екпінді" тұйығы;
40) "Училищный" тұйығы "Салауат" тұйығы болып қайта аталсын.
3. Осы шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен
тыс 11-сессиясының төрағасы
И.Шағыртаев
Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Н. Байқадамов