• Мое избранное
2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 7431 болып тіркелді.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 "Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары бекітілсін.
2. Күшi жойылды деп танылсын:
1) Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 444 "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6649 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қазандағы "Костанайские новости" газетінде жарияланған);
2) Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 194 "Әкімдіктің 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 444 "Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың шекті нормаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7053 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
3. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов
 
Әкімдіктің
2017 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 626 қаулысымен бекітілген
2018 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары
#$Тізбе және нормаларға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 16.05.2018 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
 14.09.2018 № 410 қаулыларымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
 
Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері Тыңайтқышта әсер етуші заттың құрамы, % Өлшем бірлігі Бір бірлігіне арналған субсидиялардың нормалары, теңге
1 2 3 4 5
Азоттық тыңайтқыштар
1 Аммиак селитрасы N 34,4 тонна 36000
Аммиак селитрасы
Б маркалы аммиак селитрасы
2 Карбамид N-46 тонна 42500
N-41,2, K2O-5,5
N-46,2
N-46,3
N-46,6
Б маркалы, карбамид N-46
N-46,2
2-1 Аммоний сульфаты N-21 тонна 30800
Фосфорлық тыңайтқыштар
3 Суперфосфат P-15 тонна 18700
Байытылған суперфосфат P-21,5
Суперфосфат P-19
4 "Супрефос-NS" азот құрамды супрефос N12, P2O5-24, Ca-14, Mg-0,5, SO3-25 тонна 64000
5 Аммофос N-10, P-46 тонна 62500
N-12, P-52
Калийлық тыңайтқыштар
6 Тазартылған күкірт қышқылды калий
(калий сульфаты)
K2O-50 тонна 130000
Күрделі тыңайтқыштар
7 Нитроаммофоска марки
NPK 15:15:15
N-15, P-15, K-15 тонна 59000
Нитроаммофоска марки
NPK 16:16:16
N-16, P-16, K-16
Нитроаммофоска марки
NPK 10:26:26
N-10, P-26, K-26
7-1 Құрамында азот-фосфор күкірті бар кешенді тыңайтқыш 20:20 маркалы N-20, P-20, S-14 тонна 62500
Құрамында азот-фосфор күкірті бар кешенді тыңайтқыш 20:20 маркалы N-20, P-20, S-8-14
Азот-фосфор күкіртқұрамында тыңайтқыш, NP+S=20:20+14 маркасы N-20, P-20, S-14
7-2 10:26:26 маркалы азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш N-10, P2O5-26, K2O-26, S-1,7 тонна 59000
7-3 NPK-тыңайтқыш N-15, P2O5-15, K2O-15 тонна 59000
Кешенді минералды азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш (NPK-тыңайтқыш) N-15, P2O5-15, K2O-15
7-4 КАС+ сұйық тыңайтқышы N-28-34, K2O-0,052, SO3-0,046, Fe-0,04 (EDTA) тонна 42500
Микротыңайтқыштар
8 Текамин Райз
(TECAMIN RAIZ)
N-5,5, K2O-1,0, Fe-0,5,Mn-0,3, Zn-0,15, Cu-0,05 литр 2283,5
9 Текамин Макс
(TECAMIN MAX)
N-7 литр 1750
10 Текнокель Амино Микс (TECNOKEL AMINO MIX) Fe-3, Zn-0,7, Mn-0,7,
Cu-0,3, B-1,2, Mo-1,2
литр 1427
11 Текнокель Амино кальций (TECNOKEL AMINO CA) Ca-10 литр 1427
12 Контролфит РК (CONTROLPHYT РК) P-30, K-20 литр 1750
13 Текнофит (TECNOPHYT PH) поли-гиброки-карбоқышқылы-20, N-2, P-2 литр 1864,6
14 Изагри-К, марка Азот минералдық тыңайтқыш нитраттық N-10,6, аммонийлық N-19,5, амидтық N-11,0, K2O-4,11, P2O5-2,47, SO3-2,33, MgO-0,48, Zn-0,27, Cu-0,14, Mo-0,07, Fe-0,04, B-0,03, Mn-0,02, Se-0,03, Co-0,01 литр 585
15 Изагри-К, марка Фосфор минералдық тыңайтқыш P2O5-27,7, N-9,7, K2O-6,8, MgO-0,27, SO3-0,53, Zn-0,4,
Cu-0,13, Fe-0,16, Mn-0,08, B-0,23, Mo-0,08, Co-0,02,
аминоқышқылдар-2,0
литр 585
16 Изагри-М, марка Форс Рост минералдық тыңайтқыш Zn-3,36, Cu-3,76, Mn-0,37, Fe-0,54, MgO-2,37, SO3-15,2, Co-0,23, Li-0,06, Ni-0,002,
аминоқышқылдар -15,0
литр 1050
17 Микроэл Cu-0.6, Zn-1.4, B-0.16, Mn-0.34, Fe-0.3, Mo-0.22, Co-0.08, Se-0.009, Ni-0.006, Li-0.04, N-0.4, K2O-0.03, SO3-2.5, MgO-1.5. литр 1383
18 Микромак Cu: 0,61-3,55, Zn:0,52-3,11, В:0,18-0,61, Mn:0,18-0,49,
Fe:0,19-0,49, Mo:0,27-1,14,
Со:0,18-0,31, Se: 0,004-0,012, Cr: 0,031-0,194, Ni:0,008-0,015, Li:0,044-0,129, V:0,034-0,158, N:0,3-4,4, P2О5:0,2-0,6, K2О:0,84-5,9, SО3:1,0-5,0
MgО:0,34-2,08
литр 1355
19 Страда N Cu-0.083, Zn-0.18, B-0.022, Mn-0.07, Fe-0.042, Mo-0.07, Co-0.014, Se-0.0014, N-37.4, P2O5-2.8, K2O-4.2, SO3-1.75, MgO-0.21. литр 610
20 Страда Р Cu-0.09, Zn-0.21, B-0.026, Mn-0.065, Fe-0.09, Mo-0.065, Co-0.013, Se-0.0026, N-6.5, P2O5-25.8, K2O-6.5, SO3-1.03, MgO-0.23. литр 813
21 "Акварин" суда еритін кешенді минералды тыңайтқыштары, "Акварин-3" маркасы N3:Р11:К35+MgO4,0+S9,0+Nнит.-3,0 килограмм 328,746
22 "Акварин" суда еритін кешенді минералды тыңайтқыш, "Акварин-13" маркасы N13:Р41:К13+Nнит.-4,4+Nамм.-8,6 килограмм 346,843
23 Магний сульфаты (күкіртқышқылды магний) В маркасы MgO – 16,9;
S – 13,5
килограмм 82,5
24 Монокалийфосфат Р2O5 – 52;
К2О - 34
килограмм 331
25 Kristalon Yellow 13-40-13 минералды тыңайтқыш N-13, NH4-8,6, NO3- 4,4, P2O5-40, K2O-13, SO3-27.5, B-0,025, Cu-0,01, Fe-0,07, Mn-0,04, Zn-0,025, Mo-0,004 тонна 350000
26 Изагри-М, Бор маркасы минералды тыңайтқышы B-12,32, Mo-1, өткіш агенті – 17 литр 825
27 Изагри-К, Мыс маркасы минералды тыңайтқышы Cu-11,14, N-10,79, S-8,96, аминоқышқылдар, биобелсенді L-нысанда-11, өткіш агенті-1 литр 870
28 Изагри-К, Калий маркасы минералды тыңайтқышы K2O-15,2, P2O5-6,6, N-6,6, NO3-2,5, SO3-4,6, Mn-0,33, Cu-0,12, Zn-0,07, Fe-0,07, Mo-0,07, B-0,01, Se-0,003, Co-0,001, жұғатын заттардың кешені-1 литр 525
29 Изагри-К, Вита маркасы минералды тыңайтқышы Zn-2,51, Cu-1,92, Mn-0,37, Mo-0,22, B-0,16, Fe-0,40, Co-0,11, Ni-0,006, N-3,20, K2O- 0,06, SO3-9,34, MgO-2,28, аминоқышқылдар L- белсенді түрде-15 литр 1080
30 Концентрленген кальций нитраты CaO-32, N-17 тонна 112000
31 Калий селитрасы, СХ маркасы N-13,7, K2O-46,2 тонна 242000
32 6-сулы азотқышқылды магний (магнийлі селитра) MgO-15,5, N-11,1 тонна 135000
33 Грогрин микро Феррал 6 (Fe-EDDHA) Fe-(EDDHA)-6 тонна 1908000
34 Yara Vita Rexolin ABC тыңайтқышы MgO-9, B-0,5, Cu-1,5, Fe-4, Mn-4, Mo-0,1, Zn-1,5 килограмм 1685,5
35 "Волски Моноформы" сұйық микротыңайтқышы "Волски Моно-Сера" маркалары N-2, SO3-72, MgO-2,3 литр 993,5
36 "Волски Моноформы" сұйық микротыңайтқышы "Волски Моно-Бор" маркалары B-10 литр 1265
37 "Волски Микрокомплекс" сұйық кешенді минералды тыңайтқышы "Экомак" маркалары Cu-0,97, Zn-0,98, B-0,35, Mn-0,58, Fe-0,35, Mo-0,09, N-2,4, P2O5-0,61, K2O-1,77, SO3-4,9, MgO-0,97, Co-0,18 литр 1535