Toggle Dropdown
Екібастұз қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 87/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 6250 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуірдегі "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Екібастұз қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Toggle Dropdown
2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Екібастұз қаласының Полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру мақсатында тиісті іс-шараларды өткізуін қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Екібастұз қаласында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды
көтермелеудің түрлерi мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
Toggle Dropdown
1. Азаматтарды көтермелеудің түрлерi:
Toggle Dropdown
2. Азаматтарды көтермелеудің тәртібі:
Toggle Dropdown
1) қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды;
Toggle Dropdown
2) қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты (қолдау хат) Комиссияның қарауына "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Павлодар облысының Полиция департаменті Екібастұз қаласының Полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Екібастұз қаласының ПБ) енгізеді;
Toggle Dropdown
3) комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады;
Toggle Dropdown
4) Екібастұз қаласының ПБ ақшалай сыйақыны төлеуді және құнды сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебінен жүргізеді;
Toggle Dropdown
5) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға көтермелеу беруді Екібастұз қаласының ПБ жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Ақшалай сыйақы мөлшері мен құнды сыйлықтың бағасы 10 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспауы қажет.