Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 80 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 мамырда № 4378 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Б.Салахатдинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.Т.Төреғалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар