Toggle Dropdown
Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 62/306-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 5536 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/21-VI "Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3778 тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Түркістан" газетінде және 2016 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің және Түркістан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 9 ақпандағы № 27/144-VI "Түркістан қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 5/21-VI "Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4452 тіркелген, 2018 жылғы 16 ақпанда "Түркістан" газетінде және 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. "Түркістан қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Түркістан облысының облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Мәслихат сессиясының төрағасы | Д. Танирбергенов |
Мәслихат хатшысы | Г. Сарсенбаев |
Toggle Dropdown
| Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 62/306-VI шешімімен бекітілген |
Toggle Dropdown
Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Toggle Dropdown
1. Осы Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар ) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудін, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік көмек Түркістан қаласының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.
Toggle Dropdown
1. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Түркістан қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Toggle Dropdown
2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Toggle Dropdown
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Toggle Dropdown
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Toggle Dropdown
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Toggle Dropdown
6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Toggle Dropdown
7) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін қала әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Toggle Dropdown
8) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Toggle Dropdown
9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Toggle Dropdown
10) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
Toggle Dropdown
11) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын қаланың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Түркістан қаласы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.
Toggle Dropdown
3. Әлеуметтiк көмек - уәкілетті органмен тиiстi қаржы жылына Түркістан қаласының бюджетiнде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегiнде ұсынылады.
Toggle Dropdown
4. Заттай нысандағы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жеткізушілерді (бұдан әрі – жеткізушілер) уәкілетті орган анықтайтын қызмет көрсету арқылы ұсынылады.
Toggle Dropdown
Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Түркістан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Toggle Dropdown
5. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Toggle Dropdown
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Toggle Dropdown
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Toggle Dropdown
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін уәкілетті органның ұсынымы бойынша қалалық мәслихат бекітеді.
Toggle Dropdown
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде қалалық мәслихат бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Toggle Dropdown
6. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабына сәйкес айқындалады.
Toggle Dropdown
7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке және айтулы күндеріне ұсынылады:
Toggle Dropdown
1) 8 наурызда "Халықаралық әйелдер күнiне" - көп балалы аналарға, оның ішінде:
Toggle Dropdown
"Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Toggle Dropdown
2) 22 Наурызда (Наурыз мейрамы) – Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларына, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Toggle Dropdown
3) 7 мамыр (Отан қорғаушы күніне) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Toggle Dropdown
8. 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне":
Toggle Dropdown
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, біржолғы 1000000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қорғанысына қатысқан қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, біржолғы 100000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдарына, немесе сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелген қалаларда болған адамдарына, біржолғы 100000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және теңiзшi балалар ретiнде болғандарға, біржолғы 100000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдарға, біржолғы 100000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Қатынас жолдары Халық комиссариаты, Байланыс Халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне, біржолғы 100000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға, біржолғы 60000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 60000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин ССР-i, Беларусь ССР-i, Литва ССР-i, Латвия ССР-i, Эстон ССР-i аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдарға, біржолғы 60000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасыларына, атап айтқанда:
Toggle Dropdown
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің басқа да міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару кезінде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7 және 8 баптарында көрсетілген адамдардың отбасыларына, біржолғы 30000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасыларына, біржолғы 30000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, біржолғы 30000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) біржолғы 30000 теңге мөлшерінде;
Toggle Dropdown
9. 16 желтоқсанда (Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi) – "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңына сәйкес Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқандар қатарындағы ақталған адамдарға, біржолғы 20 АЕК мөлшерінде.
Toggle Dropdown
10. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға әлеуметтік көмек ақшалай төлем түрінде мына мөлшерде:
Toggle Dropdown
1) жалғыз болып табылатын тұрғын үйге елеулі зиян келтірілген, бүлінген, жойылған жағдайда отбасына 100 АЕК;
Toggle Dropdown
2) отбасы мүшелері қайтыс болғанда – қаза болған адамға 50 АЕК мөлшерінде ұсынылады.
Toggle Dropdown
11. Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын адамдарға әлеуметтік көмек ай сайын 5 АЕК мөлшерінде төленеді. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн негіздеме Туберкулезге қарсы диспансердің ай сайын өтініш пен көмектiң түрiн көрсетiп ұсынатын тізімі.
Toggle Dropdown
12. Ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселік төмен емес мөлшеріндегі ай сайынғы әлеуметтік көмек Адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына беріледі.
Toggle Dropdown
13. Үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға, ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі.
Toggle Dropdown
14. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге біржолғы 50 АЕК мөлшерінде;
Toggle Dropdown
15. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жол жүру шығындарын өтеу үшін:
Toggle Dropdown
ТМД елдеріне, біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, Қазақстан Республикасының аумағында, біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Toggle Dropdown
16. Жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:
Toggle Dropdown
серуендеуге арналған қоларбаға біржолғы 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бөлмеге арналған қоларбаға біржолғы 24,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мүгедек балаларға арналған қоларбаға біржолғы 24,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, балалардың церебралды салдары ауруы бар мүгедек балаларға арналған қоларбаға біржолғы 55,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Toggle Dropdown
17. Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінде:
Toggle Dropdown
Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) төленеді. Әлеуметтік көмектің біржолғы төлемі комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға, тұрғын үйін жөндеуге және т.б), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарызды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.
Toggle Dropdown
18. Отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларға ірі қара мал алуға, бiржолғы 92 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтік көмек төленеді.
Toggle Dropdown
19. Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасына ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Toggle Dropdown
20. Баспасөз басылымдарына жазылу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 3 АЕК мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әкери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға 1 АЕК мөлшерінде жартыжылдықта бір рет;
Toggle Dropdown
21. Ай сайын 1 АЕК мөлшерінде жалғызілікті қарттарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге;
Toggle Dropdown
22. Әлеуметтiк такси қызметiн ұсынуға - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүрiп тұруы қиын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелерiне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшiн, ай сайын 9 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі.
Toggle Dropdown
23. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Toggle Dropdown
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Toggle Dropdown
24. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек алушыдан өтініш талап етпей, атаулы күндер мен мереке күндеріне осы Қағидалардың 7, 8 және 9 тармақтарында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізбесін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны алуы туралы Әлеуметтік төлемдер орталығының мәліметтері, сондай-ақ табысы аз азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өздерінің мәліметтері негізінде қалыптастырады.
Toggle Dropdown
25. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
Toggle Dropdown
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
Toggle Dropdown
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
Toggle Dropdown
3) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
Toggle Dropdown
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Toggle Dropdown
26. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Toggle Dropdown
27. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
Toggle Dropdown
28. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2, 3-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
Toggle Dropdown
29. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда, уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Toggle Dropdown
30. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
31. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Toggle Dropdown
32. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
Toggle Dropdown
33. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
Осы Қағидалардың 29, 30-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Toggle Dropdown
34. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
Toggle Dropdown
35. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
Toggle Dropdown
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Toggle Dropdown
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
Toggle Dropdown
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
Toggle Dropdown
36. Әлеуметтік көмек:
Toggle Dropdown
1) алушы қайтыс болған;
Toggle Dropdown
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Toggle Dropdown
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
Toggle Dropdown
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Toggle Dropdown
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Toggle Dropdown
37. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
Toggle Dropdown
5. Қорытынды ереже
Toggle Dropdown
38. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Toggle Dropdown
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша |
| Нысан |
Toggle Dropdown
Отбасыны тіркеу нөмірі _______________
Toggle Dropdown
Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
Toggle Dropdown
__________________________ ____________________________
Toggle Dropdown
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекенжайы, телефоны)
Toggle Dropdown
Р/с № | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
Toggle Dropdown
Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________ Күнi ______________
Toggle Dropdown
Отбасы құрамы туралы мәлiметтердi растауға
Toggle Dropdown
уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә _________________________
Toggle Dropdown
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
| Нысан |
Toggle Dropdown
Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
Toggle Dropdown
20__ ж. "___" _______
Toggle Dropdown
_____________________ (елді мекен)
Toggle Dropdown
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. ____________________________________
Toggle Dropdown
2. Тұратын мекенжайы __________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ______
Toggle Dropdown
адам, оның ішінде:
Toggle Dropdown
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірлік қиын жағдай |
| | | | | | | |
| | | | | | | |
Toggle Dropdown
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Toggle Dropdown
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Toggle Dropdown
Балалардың саны: ______________________________________________
Toggle Dropdown
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______
Toggle Dropdown
адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Toggle Dropdown
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы
Toggle Dropdown
мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы
Toggle Dropdown
мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың,
Toggle Dropdown
әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет
Toggle Dropdown
тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы
Toggle Dropdown
(көрсету немесе өзге санатты қосу керек)___________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй,
Toggle Dropdown
қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше - көрсету керек):________________________________________________________
Toggle Dropdown
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
_______________________________________________________________
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Отбасының табысы:
Toggle Dropdown
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) Т.А.Ә. | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер |
тоқсанға | орта есеппен айына |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
Toggle Dropdown
6. Мыналардың: автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
Toggle Dropdown
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
________________________________________ қазіргі уақытта өздері тұрып
Toggle Dropdown
жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен
Toggle Dropdown
мәлімделген табыс) __________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
Toggle Dropdown
қамтамасыз етілуі ___________________________________________________
Toggle Dropdown
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы: ________________________ ________________________
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері: ________________________ ________________________
Toggle Dropdown
________________________ ________________________
Toggle Dropdown
________________________ ________________________
Toggle Dropdown
________________________ ________________________
Toggle Dropdown
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________
Toggle Dropdown
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Toggle Dropdown
Тексеру жүргізілуден бас тартамын ______________________ өтініш
Toggle Dropdown
берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және қолы, күні
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Toggle Dropdown
| Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына 3-қосымша |
| Нысан |
Toggle Dropdown
Учаскелік комиссияның 20__ ж. ___ ______№ ______ қорытындысы
Toggle Dropdown
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және
Toggle Dropdown
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес
Toggle Dropdown
мірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген
Toggle Dropdown
дамның (отбасының)
Toggle Dropdown
____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
Toggle Dropdown
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш
Toggle Dropdown
берушінің (отбасының) материалдық жағдайын
Toggle Dropdown
ексеру нәтижелерінің негізінде
Toggle Dropdown
_____________________________________________________________________
Toggle Dropdown
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
Toggle Dropdown
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек
Toggle Dropdown
ұсыну туралы қорытынды шығарады
Toggle Dropdown
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Toggle Dropdown
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
Toggle Dropdown
__________________ _______________________
Toggle Dropdown
__________________ _______________________
Toggle Dropdown
__________________ _______________________
Toggle Dropdown
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Toggle Dropdown
Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада
Toggle Dropdown
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Toggle Dropdown
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе
Toggle Dropdown
уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________