Қазалы ауданының кейбір ауылдарын қайта атау туралы
Бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 1173 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 18 шілдедегі № 226 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 шілдеде № 6392 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-тармақшасына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 2 қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданының кейбір ауылдары:
1) Өркендеу ауылдық округінің Өркендеу ауылы "Жанкент" ауылы;
2) Тасарық ауылдық округінің Отгон ауылы "Тасөткел" ауылы болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.