Ақтөбе қаласындағы шағын ауданның және қала аумағындағы елді мекендердің атаусыз көшелеріне атау беру туралы
Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 966 қаулысы және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 255 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 мамырда № 3-1-135 тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының 11 шағын ауданының атаусыз көшесі «Әз Наурыз»;
«Заречный-2» поселкесінің атаусыз көшесі Нұрсұлу Тапалова;
«Заречный-4» поселкесінің атаусыз көшесі Әйтек Сәрсеков болып аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған алғашқы күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының Ақтөбе қалалық мәслихатының