Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 04 маусымдағы № 139 қаулысы, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 01 шілдедегі № 29/350-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 шілдеде № 4022 болып тіркелді
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2), 3) тармақшыларына сәйкес, "Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 30/6-V шешімі және Глубокое аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 1389 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Белоусовка кентінің Белокаменка, Планидовка, Ново-Михайловка ауылдары, Белоусовка кентінің және Секисовка ауылдық округінің шекараларын өзгерту арқылы Секисовка ауылдық округінің әкімшілік және аумақтық бағынысына берілсін.
2. Осы шешім мен қаулы олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.