Toggle Dropdown
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 3/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 1 наурызда № 3681 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 48-бабына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары К. К. Тлеубергеновке жүктелсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру тегін немесе жеңілдік шарттармен дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін пайдаланылатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері
Toggle Dropdown
*Ескертпе: осы тізбе мемлекеттік дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылыстарына қолданады.