Toggle Dropdown
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Капитанов Лог, Пьянкин Лог, № 1 атауы жоқ және № 2 атауы жоқ бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 163 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 17 мамырда № 5952 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы мал жаю және шөп шабу үшін Е.Б. Қамажановқа берілетін жер учаскелері тұстамасында Капитанов Лог, Пьянкин Лог, № 1 атауы жоқ және № 2 атауы жоқ бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы мал жаю және шөп шабу үшін Е.Б. Қамажановқа берілетін жер учаскелері тұстамасында Капитанов Лог, Пьянкин Лог, № 1 атауы жоқ және № 2 атауы жоқ бұлақтарының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
Toggle Dropdown
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Алтай ауданы әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
Toggle Dropdown
3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Toggle Dropdown
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
Toggle Dropdown
4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы мал жаю және шөп шабу үшін Е.Б. Қамажановқа берілетін жер учаскелері тұстамасында Капитанов Лог, Пьянкин Лог, № 1 атауы жоқ және № 2 атауы жоқ бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Toggle Dropdown
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.