Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы N 19/15 бірлескен қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 10 мамырдағы N 149 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 мамырда № 4262 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Қарағанды қаласының келесі санаттағы азаматтарына белгіленсін:
1) жәрдемақы мен зейнетақыларының мөлшері жиырма екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы алушыларға, жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдар (1 және 2 тізім бойынша) ретінде мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;
1-1) кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасының қатарынан ата-анасының біреуіне - тегін жолақы; Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-3) кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын жетім – балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, ата – анасының бірінен айырылған балаларға, жалғыз басты аналардың балаларына– тегін жолақы;
2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – тегін жолақы;
2-1) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға – тегін жолақы;
3) екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – тегін жолақы;
3-1) бірінші, екінші, үшінші топтағы он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата - анасының біреуіне – тегін жолақы;
3-2) бірінші, екінші топтағы мүгедектердің қорғаншыларына – тегін жолақы;
3-3) асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға – тегін жолақы;
4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - тегін жолақы.
5) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға – тегін жолақы.
2. Қаржыландыру көзі ретінде қалалық бюджет анықталсын және жоғарыда көрсетілген азаматтар санатына жеңілдетілген ұзақ пайдаланылатын жол жүру карталары берілсін.
3. "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Қарағанды қалалық мәслихаты мен Қарағанды қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі мен қаулысының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін
4. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.