Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3792 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтарда № 3792 тіркелді
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымшаға сәйкес жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары белгіленсін.
2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
облысының әкімі С. Кулагин
мәслихатының хатшысы С. Төкенов
"Қостанай облысы әкімдігінің
жер қатынастары басқармасы"
___________________ Г. Тюркин
"Қостанай облысы әкімдігінің
жоспарлау басқармасы" ММ бастығы
___________________ Г. Кисленкова
Әкімдік пен мәслихаттың
2011 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 3 қаулысы мен № 452
шешіміне қосымша
Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде
олар үшін төлемақының базалық ставкалары
Ескертпе: қалаларда жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.