• Мое избранное

Отправить по почте

Астана қаласы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 107-1090 қаулысы.

Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы " 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Төмендегі:
1) "Білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 107-1936 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2013 жылғы 11 ақпанда № 771 болып тіркелген);
2) "Білім саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 107-730 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 2013 жылғы 17 маусымда № 780 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      Әкім                                       И. Тасмағамбетов