Ақтөбе қаласының Новостепановка селосын Кеңес Нокин ауылы деп қайта атау туралы
Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі N 201 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі N 379 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 шілдеде N 3210 тіркелді
"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Ақтөбе қаласының мәслихаты және әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының Новостепановка селосы - Кеңес Нокин ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.