• Мое избранное
Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл селолық округінің Тұрғызба және Майкөмген селолық округінің Аққұдық елді мекендерін тарату туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл селолық округінің Тұрғызба және Майкөмген селолық округінің Аққұдық елді мекендерін тарату туралы Атырау облыстық мәслихатының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 129-V шешімі және Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 142 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 сәуірде № 2715 тіркелді

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27, 37-баптарына сәйкес, Атырау облысы Жылыой аудандық өкілді және атқарушы органдарының пікірлерін ескере отырып, Атырау облысы әкімдігі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ және V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХІІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 
1. Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл селолық округінің Тұрғызба және Майкөмген селолық округінің Аққұдық елді мекендері таратылсын.
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Ә. Шәкімовке және Атырау облыстық мәслихатының Заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Т.Б. Мұқатановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы                            Облыс әкімі 
       М. Қаражігітова                            Б. Ізмұхамбетов
      Мәслихат хатшысы                           С. Лұқпанов