• Мое избранное

Отправить по почте

Алға ауданының Луговое селосын Жерұйық ауылы деп қайта атау туралы Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 79 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 56 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылдың 4 сәуірде N 3244 тіркелді

#$Орыс тіліндегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 11.12.2015 № 452 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 11.12.2015 № 359 шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Алға аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстары негізінде, облыс  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ: 
1. Алға ауданының Луговое селосы - Жерұйық ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е. САҒЫНДЫҚОВ
Облыстық мәслихаттың сессия
төрағасы
К.ЖҰМАБАЕВ