• Мое избранное
Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы "Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 321 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы "Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 321 шешімінің күші жойылды деп тану туралы Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 170 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6 сәуірде № 4630 болып тіркелді

"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының "Талдықорған қаласы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 27 мамырдағы № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3251 тіркелген, 2015 жылдың 10 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Бигужанов Тимур Капасовичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Талдықорған қалалық
мәслихатының сессиясының
төрағасы Б. Оңғарбаев
Талдықорған қалалық
мәслихатының хатшысы Қ. Бұлдыбаев