• Мое избранное

Отправить по почте

Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 260 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 маусымда № 7087 болып тіркелді

"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай:
1) Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 168 "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған);
2) Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 76 "Әкімдіктің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 168 "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6222 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Облыс әкімі А. Мұхамбетов