• Мое избранное
Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін көтеру туралы Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 251-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 қазанда № 4261 болып тіркелді

Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 20.06.2022 № 160-VII (26.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабының 8-тармағына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Кіріспе жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 20.06.2022 № 160-VII (26.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес көтерілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 20.06.2022 № 160-VII (26.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының экология, табиғат пайдалану және аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Е. Ихсанов) жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Сессия төрағасы А. Габдуллин
Мәслихат хатшысы Ө. Зинуллин
 
Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 251-VI шешіміне 1-қосымша
Атырау облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін көтерілген төлемақы мөлшерлемелері
Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 20.06.2022 № 160-VII (26.09.2018 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
 
Р/с № Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 2 3 4
1. Күкірт оксидтері (SOx) 20
2. Азот оксидтері (NOx) 20
3. Шаң және күл 10
4. Қорғасын және оның қосылыстары 3986
5. Күкіртсутек 124
6. Фенолдар 332
7. Көмірсутектер 0,32
8. Формальдегид 332
9. Көміртегі монооксиді 0,32
10. Метан 0,02
11. Күйе 24
12. Темір тотықтары 30
13. Аммиак 24
14. Алты валентті хром 798
15. Мыс тотықтары 598
16. Бенз(а)пирен
996,6
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
 
Р/с № Отын түрлері Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)
1 2 3
1. Этилденбеген бензин үшін 0,66
2. Дизель отыны үшін 0,9
3. Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін 0,48
3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
 
Р/с № Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 2 3
1. Нитриттар 1 340
2. Мырыш 2 680
3. Мыс 26 804
4. Оттегіне биологиялық қажеттілік 8
5. Тұзды аммоний 68
6. Мұнай өнімдері 536
7. Нитраттар 2
8. Жалпы темір 268
9. Сульфаттар (анион) 0,8
10. Өлшенген заттар 2
11. Синтетикалық беткі-белсенді заттар 54
12. Хлоридтер (анион) 0,2
13. Алюминий 54
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
 
Р/с № Қалдықтардың түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін 1 гигабеккерель үшін (Гбк)
1 2 3 4
1. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:

1.1. Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар

1.1.1. қауіпті қалдықтар 8,01
1.1.2. қауіпсіз қалдықтар 1,06
1.2. Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері:

1.2.1. Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) 0,38
1.2.2. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):

1.2.2.1. аршынды жыныстар 0,004
1.2.2.2. жанасқан таужыныстары 0,026
1.2.2.3. байыту қалдықтары 0,02
1.2.2.4. шлактар, шламдар 0,038
1.2.3. Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар 0,038
1.2.4. Күл мен күлшлактар 0,66
1.2.5. Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы 0,002
1.2.6. Радиоактивті қалдықтар:

1.2.6.1. трансуранды
0,76
1.2.6.2. альфа-радиоактивті
0,38
1.2.6.3. бета-радиоактивті
0,04
1.2.6.4. шынақты радиоактивті көздер
0,38
5. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Р/с- реттік саны
АЕК – айлық есептік көрсеткіш