• Мое избранное
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округіне қарасты Зыковка ауылының атын Жүрімбай ауылы деп қайта атау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округіне қарасты Зыковка ауылының атын Жүрімбай ауылы деп қайта атау туралы Жамбыл облыстық мәслихатының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 25-14 шешімі және Жамбыл облыстық әкімиятының 2007 жылғы 28 маусымдағы N 141 қаулысы. Жамбыл облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 16 тамызда N 1666 тіркелді.

Тақырып орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (26.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз). Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.(алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Кіріспе жаңа редакцияда – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (26.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округіне қарасты Зыковка ауылына Жүрімбай есімі берілсін.
1 тармақ орыс тілінде жаңа редакцияда, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – Жамбыл облысы әкімдігінің 19.03.2019 № 57 қаулысымен және Жамбыл облыстық маслихатының 19.03.2019 № 32-8 шешімімен (26.07.2007 жылғы редакцияны қараңыз).(алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы С. АҚШАЛОВ
Облыс Әкімі Б. ЖЕКСЕМБИН
Облыстық мәслихат хатшысы Ә. ӘСІЛБЕКОВ