Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 13 "Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 41 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 наурызда № 4702 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 13 "Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3789 тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтарда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С. Ғ. Нұрғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.