• Мое избранное
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылында орналасқан кадастрлық нөмірлері 05-068-025-347 және 05-068-025-353 жер учаскелеріндегі Красноярка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылында орналасқан кадастрлық нөмірлері 05-068-025-347 және 05-068-025-353 жер учаскелеріндегі Красноярка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 296 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 10 қыркүйекте № 6156 болып тіркелді

#$ЗҚАИ-ның ескертпесі. Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылында орналасқан кадастрлық нөмірлері 05-068-025-347 және 05-068-025-353 жер учаскелеріндегі Красноярка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылында орналасқан кадастрлық нөмірлері 05-068-025-347 және 05-068-025-353 жер учаскелеріндегі Красноярка өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Шығыс Қазақстан облысының
әкімі Д. Ахметов
"КЕЛІСІЛДІ"
 
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
      2019 жылғы "___"_______________
 
Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2019 жылғы "03" қыркүйектегі
№ 296 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Предгорное ауылында орналасқан кадастрлық нөмірлері 05-068-025-347 және 05-068-025-353 жер учаскелеріндегі Красноярка өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі, оның учаскесі Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км Ауданы, га Ені, м Ұзындығы, км Ауданы, га Ені, м
1 2 3 4 5 6 7
Қарастырылып отырған тұстама шегіндегі Красноярка өзені (сол жағалау) 4,2 43,33 220-933 4,02 7,2 35
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.