• Мое избранное
Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.12.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің Қағидаларын бекіту туралы Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VI шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 қыркүйекте № 3942 болып тіркелді

Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 11.12.2023 № 71-VIII шешімімен (29.09.2021 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабына сәйкес VI шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс XVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А. Абдолов) жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Сессия төрағасы С. Сұлтанов
Мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
А. Абдолов
 
Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 148-VI шешімімен бекітілген
Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібін айқындайды.
2. Көші-қон процестерін реттеу:
адамның тұрғылықты жерді еркін таңдау, еңбек ету еркіндігін және қызмет түрі мен кәсібін өз қалауынша таңдауға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге;
кету және орын ауыстыру бостандығына;
шығу тегі, әлеуметтік және мүліктік жағдайы немесе өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеуге негізделеді.
3. Осы қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) қоныс аударушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ішкі көшіп-қонушы;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.
#$3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облыстық мәслихатының 21.06.2019 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
 29.09.2021 № 70-VII шешімдерімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-тарау. Атырау облысындағы көші-қон процестерін реттеу тәртібі
4. Атырау өңірінде көші-қон процестерін мониторингтеу, олардың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының жай-күйіне, экологиялық ахуалына әсері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Өңірдегі көші-қон процестерінің ерекшеліктеріне халықтың тығыздығы, көшіп келу, эмиграция, еңбек көші-қоны, ішкі көші-қон ағыны, урбандалу процесі, өңірдің экологиялық және діни жағдайы, халықтың ұлттық құрамы, өңірлік еңбек нарығының теңгерімділігі жатады.
5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін "Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
5-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 29.09.2021 № 70-VII (21.06.2019 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
6-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 29.09.2021 № 70-VII (21.06.2019 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.
7-тармақ жаңа редакцияда - Атырау облыстық мәслихатының 29.09.2021 № 70-VII (21.06.2019 жылғы редакцияны қараңыз) шешімімен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
8. Мониторингті қамтамасыз ету және көші-қон жағдайының дамуын болжау, жұмыспен қамту, мектептер, балабақшалар және медициналық мекемелер салу мәселелерін шешу, әлеуметтік-экономикалық дамытуды жоспарлау мақсатында халықты тіркеу есебі жүзеге асырылады.
9. Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасында уақытша болатын немесе тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты және (немесе) уақытша болатын (тұратын) жеріне тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен өздеріне жүктелетін көші-қон процестерін реттеу саласында өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.