• Мое избранное
Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/477 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/477 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 1/67 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 наурызда № 1348 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 30 шілдедегі № 3/477 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1199 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 қыркүйекте "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 
2. Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі Б. Байбек