• Мое избранное
2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялардың нормаларын белгілеу туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 202 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте № 2498 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларының 8-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектарға) белгіленсін.
2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (К. Ерғалиев):
осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков
22 тамыз 2014 ж.
«Маңғыстау облысының 
қаржы басқармасы» 
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.Б. Альбекова
22 тамыз 2014 ж.
«Маңғыстау облысының экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Ұ. Ұланова
22 тамыз 2014 ж.
«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
К. Ерғалиев
22 тамыз 2014 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің
 2014 жылғы 22 тамыз
 № 202 қаулысына
 қосымша

2014 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектарға)
 
№ р/с Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы Субсидиялардың нормалары, теңге
1 Көкөніс және бақша дақылдары (дәстүрлі технология) 20 000
2 Көкөніс, бақша дақылдары (өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару ) 72 000
3 Қорғалған топырақта өнеркәсіптік жылыжайларда өсірілетін көкөністер(1 дақыл айналым) 3 500 000
4 Қорғалған топырақта фермерлік жылыжайларда өсірілетін көкөністер (1 дақыл айналым) 1 300 000