• Мое избранное

Отправить по почте

Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 158 "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" және 2014 жылғы 29 тамыздағы № 271 "Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 158 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 2 қаулысы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37–баптарына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 158 "Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2734 болып тіркелген, 2013 жылы 20 маусымда "Атырау" газетінде жарияланған) және 2014 жылғы 29 тамыздағы № 271 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3000 болып тіркелген, 2014 жылы 23 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов