Toggle Dropdown
Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 1032 "Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 5062 қаулысы
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына 8 тармағына, Қазақстан республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40 бабының 2 тармағы 4) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 1032 "Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 3859 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 мамырда "Актөбе", "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиеваға жүктелсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.