• Мое избранное
Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 359/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қарашада № 5706 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Қ. Оразғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Облыс әкімі Б. Бақауов
 
Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жыл "16" қарашадағы
№ 359/6 қаулысына
қосымша
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған
кейбір қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 277/8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4003 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қыркүйекте "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 277/8 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 199/7 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 тамызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланған).
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы "Павлодар облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 277/8 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 31/1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4952 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2016 жылғы 12 наурызда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған).