• Мое избранное
Семей қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Семей қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 1005 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 5130 болып тіркелді

"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Семей қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф жолаушының бір рет жол жүруіне 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов
"КЕЛІСІЛДІ"
 
Семей қалалық мәслихатының хатшысы
" 10 " 07 2017 жыл
___________________ Б. Ақжалов