• Мое избранное
Тіркелген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін тағайындау туралы
Внимание! Документ утратил силу с 25.06.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Тіркелген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін тағайындау туралы Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы 25 сессиясының № 278 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 4805 болып тіркелді

Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 25.06.2020 № 201 шешімімен (17.05.2018 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Саран қаласы мен Ақтас кентінде орналасқан салық салынатын объект бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Саран қалалық мәслихатының 2013 жылғы 15 ақпандағы "Тіркелген салық ставкаларының бірыңғай мөлшерін тағайындау туралы" № 159 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2223 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы № 12 "Саран газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Сессия төрағасы Ш. Исенов
Мәслихат хатшысы Ө. Баймағанбетов
 
Саран қалалық мәслихатының
2018 жылғы 17 мамырдағы
25 сессиясының № 278
шешіміне қосымша
Жеке қызмет түрлеріне салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген жиынтық салығының бірыңғай ставкаларының мөлшері 
Салық салынатын объектінің атауы Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіштерімен)
бильярд үстелі 7