Облыстың көшi-қон саясатының 2000 жылға дейiнгi негiзгi бағыттары туралы
Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 5 маусымдағы № 503 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 13 маусымдағы № 14 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 19 наурыздағы № 3419 "Көші-қон саясатының 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3432 (1997 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Жарлықтарын орындау және көшіп келу қоныстанушыларды әлеуметтік қорғау, облыста көші-қон процесстерін тұрақтандыру және реттеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыстың көші-қон саясатының 2000 жылға дейінгі негізгі бағыттары және көші-қон жөніндегі облыстық жұмысшы топ құрамы бекітілсін /қоса беріліп отыр/.
2. Қызылорда қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы /М. Мәселеева/ квота бойынша 1997 жылы көшіп келушілерді қабылдау мен жайғастыруды ұйымдастыруға, сондай-ақ өзінің тарихи отанына көшіп қоныстанушы боқындарды қабылдауға, оларға ұлттық кәсіптің қайта дамуын қамтамасыз ететін жұмыс орындарын құруға, басқа да кәсіпкерлік қызметпен айналысуына көмек беруді көздеген нақты іс-шаралар қабылдасын.
3. Облыстық қаржы басқармасы /К. Шөкенов/ 2000 жылға дейін облыстық көші-қон бағдарламасын қаржыландыруға жыл сайын қаржы қарауды ескерсін.
4. Қазақстан республикасы Президентінің 1997 жылғы 27 наурыздағы № 3432 "1997 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы" Жарлығының 2 тармағына сәйкес облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына, қажет болған жағдайда, көшіп келу іс-шараларына бөлінетін қаржыдан көшіп келушілерді бейімдеу пунктіне бір маман қаражат бөлуге рұқсат берілсін.