Актюбинск қаласы атауының транскрипциясын Ақтөбе қаласы деп өзгерту туралы
Ақтөбе облыстық Мәслихаты мен облыс Әкімінің он жетінші сессиясында қабылдаған 1997 жылғы 14 қарашадағы N 4 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 1998 жылғы 22 маусымда N 37 тіркелді
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4 тармағына сәйкес және Ақтөбе қалалық Мәслихаты мен Әкiмiнiң, облыс әкiмi жанындағы ономастикалық комиссиясының ұсыныстары негiзiнде облыстық Мәслихат және облыс Әкiмi шешiм еттi:
1. Ақтөбе қалалық Мәслихаты мен Әкiмiнiң,облыс әкiмi жанындағы ономастикалық комиссиясының Актюбинск қаласы атауының транскрипциясын Ақтөбе қаласы деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Облыстық Мәслихаттың Облыс Әкiмi