• Мое избранное

Отправить по почте

"2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың, қосымша тізбесін белгілеу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № а-3/141 қаулысының күші жойылды деп тану туралы Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № а-4/182 қаулысы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУ ЛЫ ЕТЕДІ: 
1. "2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 наурыздағы № а-3/141 (2016 жылғы 15 сәуірдегі № 5290 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев