• Мое избранное

Отправить по почте

Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі № 134 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 шілдеде № 3947 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi айқындалсын.
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 151 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбiн, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерiн айқындау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3677 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Маңғыстау облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Н.Т. Тәжібаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2019 жылғы
"09" 07 №134
қаулысына қосымша
Маңғыстау облысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу шаралары мыналар:
4) өз құзыреті шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар айқындайтын өзге де шаралар.
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Маңғыстау облысы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.
3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияда қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ПД) енгiзедi.
4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
5. Ақшалай сыйақыны төлеуге Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша ПД бастығының бұйрығы шығарылады.
6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, Комиссия белгiлейдi.
7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын ПД салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
8. ПД ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.