• Мое избранное
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 7333 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Облыс әкімі А. Мұхамбетов
 
Әкімдіктің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 532 қаулысына қосымша
 Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері
Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 26.07.2024 № 297 қаулысымен (19.07.2023 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
р/с № Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі Орын Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
Спортшы Жаттықтырушы
1 Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары 1-орын 250 25
2-орын 220 22
3-орын 200 20
4-орын 180 18
5-орын 160 16
6-орын 140 14
лицензия 120 12
2 Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер) 1-орын 150 15
2-орын 130 13
3-орын 120 12
3 Жазғы, қысқы Азия ойындары, Паралимпиадалық Азия ойындары (ересектер) 1-орын 120 12
2-орын 110 11
3-орын 100 10
4 Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары, Дүниежүзілік Универсиада 1-орын 70 7
2-орын 50 5
3-орын 40 4
5 Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты (ересектер) 1-орын 80 8
2-орын 70 7
3-орын 60 6
6 Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1-орын 70 7
2-орын 60 6
3-орын 50 5

7
Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты, 1-орын 60 6
2-орын 50 5
3-орын 40 4
Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер) 1-орын 60 6 Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері кемінде 20 елдің қатысуымен (пән бойынша немесе әр салмақ дәрежесінде) өткен жарыстар бойынша бекітіледі
2-орын 50 5
3-орын 40 4

8
Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, Олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) 1-орын 60 6
2-орын 30 3
3-орын 20 3
Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындары, Паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) 1-орын 60 6
2-орын 30 3
3-орын 20 3
Қазақстан Республикасының Сурдлимпиада ойындары, Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) 1-орын 60 6
2-орын 30 3
3-орын 20 3

9
Ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) 1-орын 30 3 Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасы облыстарының және республикалық маңызы бар қалаларының 11-нен астамының қатысуымен (пән бойынша немесе әр салмақ дәрежесінде) өткен жарыстар бойынша бекітіледі
Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер) 1-орын 10 3
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 1-орын 20 3