2019 - 2021 жылдарға арналған Шахтинск аймағындағы кенттер бюджеті туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 1577/28 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 5103 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2019-2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 412 737 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 37 950 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 374 787 мың теңге;
2) шығындар - 416 349 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті) – минус 3 612 мың теңге;
6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 3 612 мың теңге:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары – 3 612 мың теңге.
2. Шахтинск аймағындағы кенттер кірістерін келесі көздер бойынша бекітілсін:
мүлiкке салынатын салықтар;
көлiк құралдарына салынатын салық.
3. 2019 жылға арналған Шахтинск аймағындағы кенттер бюджетіне Шахтинск қалалық бюджеттен берілетін субвенциялардың мөлшері 361 632 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.
4. 2019 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында Шахан кенті (4 қосымша ), Долинка кенті (5 қосымша ), Новодолинский кенті (6 қосымша ) кенттер бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар қарастырылғаны ескерілсін.
5. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
2019 жылға арналған кенттер бюджеті
2020 жылға арналған кенттер бюджеті
2021 жылға арналған кенттер бюджеті
2019 жылға арналған Шахан кенті бюджеті
2019 жылға арналған Шахан кентінде іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындар
2019 жылға арналған Долинка кенті бюджеті
2019 жылға арналған Долинка кентінде іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындар
2019 жылға арналған Новодолинский кенті бюджеті
2019 жылға арналған Новодолинский кентінде іске асырылатын бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындар