• Мое избранное

Отправить по почте

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 273 "Медициналық қызметкерлердің көліктік шығындарын өтеу туралы" қаулысының күші жойылды деп жойылды деп тану туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 136 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 3377 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының әкімдігінің 2005 жылғы 28 қыркүйектегі № 273 "Медициналық қызметкерлердің көліктік шығындарын өтеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1929 болып тіркелген және 2005 жылы 1 қарашадағы № 187 (6776) "Маңғыстау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (К. А. Оралбаева) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б. Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Облыс әкімі Е. Тоғжанов
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының денсаулық сақтау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
басшысы міндетін атқарушысы
К. Оралбаева
"29" мамыр 2017 ж.