• Мое избранное

Отправить по почте

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 215 "2016 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемдерін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қаңтардағы № 5 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 4672 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 215 "2016 жылға арналған аудандар және Орал қаласы бойынша субсидиялар көлемдерін (егіс алқаптарының болжамды құрылымына қарай) белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4499 тіркелген, 2016 жылғы 6 тамызда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М.К. Оңғарбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Өтеғұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
А.Өтеғұлов