2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 201 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 ақпанда № 2973 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Ақтау қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Д.Тулебаева):
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды жүргізуді қамтамасыз етсiн;
осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруын және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Б.А. Кенжалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Ақтау қалалық білім бөлімі»
мемлекеттік мекеме басшысы
Ақтау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 11 ақпандағы № 201
қаулысымен бекітілген қосымша
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері