• Мое избранное
Үгіттеу жөніндегі материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды анықтау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Павлодар қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 275/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 4363 болып тіркелді.

Тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 12.09.2022 № 1496/3 (09.12.2020 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 4 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, қаланың аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу мақсатында, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 13.11.2023 № 1489/2 (12.09.2022 жылғы редакцияны қараңыз) қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      1. Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп Павлодар қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 13.11.2023 № 1489/2 қаулысымен (12.09.2022 жылғы редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
2. Алып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 12.09.2022 № 1496/3 қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
      3. Павлодар қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылған деп танылсын:
      2005 жылғы 8 қыркүйектегі "Павлодар қаласындағы үгіт материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы" № 968/16 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-26 тіркелген, 2005 жылғы 19 қыркүйектегі № 32 "Версия", 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 109 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған);
      2011 жылғы 22 шілдедегі "Павлодар қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі "Павлодар қаласындағы үгіт материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы" № 968/16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 1637/23 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-175 тіркелген, 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 35 "Версия", 2011 жылғы 9 қыркүйектегі № 26 "Шаһар" газеттерінде жарияланған);
      2014 жылғы 9 маусымдағы "Павлодар қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 8 қыркүйектегі "Павлодар қаласындағы үгіт материалдары ілінетін орындарды белгілеу туралы" № 968/16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 764/6 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3857 тіркелген, 2014 жылғы 30 маусымдағы № 25 "Версия", 2014 жылғы 4 шілдедегі № 25 "Шаһар" газеттерінде жарияланған).
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
Павлодар қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
А. Досанов
КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы А. Маржықбаев
2015 жылғы "10" наурыз
 
Павлодар қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "10" наурыздағы
№ 275/5 қаулысына
1-қосымша
 Павлодар қаласының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 
1-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 15.08.2024 № 1074/1 (13.11.2023 жылғы редакцияны қараңыз) қаулыcымен.(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
 
Р/с
Елді мекен атауы Орналастыру орындары
1 Павлодар қаласы Солтүстік өнеркәсіптік аймақ көшесі, "Веснет" автобус аялдамасы, "Светофор" дүкені ғимаратының жанында
2 Павлодар қаласы Торговая көшесі, 2, "Jailau" фермерлік базары ғимаратының жанында
3 Павлодар қаласы Ледовский көшесі, "Бассейн" автобус аялдамасы, № 37 тұрғын үйдің жанында
4 Павлодар қаласы Айманов көшесі, "Прибрежная" автобус аялдамасы, № 29 тұрғын үйге қарама-қарсы
5 Павлодар қаласы Баян батыр көшесі, "Мир" автобус аялдамасы, № 7 тұрғын үйге қарама-қарсы
6 Павлодар қаласы Торайғыров көшесі, "Благовещенский собор" автобус аялдамасы, № 6 тұрғын үйге қарама-қарсы
7 Павлодар қаласы Торайғыров көшесі, "Конституция алаңы" автобус аялдамасы, № 28 тұрғын үйге қарама-қарсы
8 Павлодар қаласы Академик Сәтбаев көшесі, "Торайғыров" автобус аялдамасы, № 30 тұрғын үйге қарама-қарсы
9 Павлодар қаласы Лермонтов көшесі, "Гүлдер" автобус аялдамасы, № 46 тұрғын үйге қарама-қарсы
10 Павлодар қаласы Академик Сәтбаев көшесі, "Баспошта" автобус аялдамасы, № 44 әкімшілік ғимараттың жанында
11 Павлодар қаласы Академик Сәтбаев көшесі, "Баспошта" автобус аялдамасы, № 35 тұрғын үйдің жанында
12 Павлодар қаласы Академик Сәтбаев көшесі, "Орталық әмбебап дүкені" автобус аялдамасы, № 57 тұрғын үйдің жанында
13 Павлодар қаласы Академик Сәтбаев көшесі, "Орталық әмбебап дүкені" автобус аялдамасы, № 136 әкімшілік ғимаратқа қарама-қарсы
14 Павлодар қаласы Торайғыров көшесі, 67, "Музыкалық колледж" автобус аялдамасы, "Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат" кешені" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
15 Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 54, "Барыс" сауда орталығы ғимаратына қарама-қарсы
16 Павлодар қаласы Торайғыров көшесі, "Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы" автобус аялдамасы, № 101 тұрғын үйдің жанында
17 Павлодар қаласы "Вокзал" автобус аялдамасы, теміржол вокзалына қарама-қарсы
18 Павлодар қаласы Кисловодская көшесі, "Комсомольская" автобус аялдамасы, № 1 тұрғын үйдің жанында
19 Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, "Манақбай-базар" автобус аялдамасы, № 15 әкімшілік ғимараттың жанында
20 Павлодар қаласы Лермонтов көшесі, "Ғылыми-техникалық кітапхана" автобус аялдамасы, № 86 тұрғын үйдің жанында
21 Павлодар қаласы Лермонтов көшесі, "Лермонтов" автобус аялдамасы, № 100/2 әкімшілік ғимараттың жанында
22 Павлодар қаласы Лермонтов көшесі, "№ 5 мектеп" автобус аялдамасы, № 120 тұрғын үйдің жанында
23 Павлодар қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Ласточка" автобус аялдамасы, № 29 тұрғын үйдің жанында
24 Павлодар қаласы Павлов көшесі, "Весна" кафесі" автобус аялдамасы, "Алатау" сауда үйі ғимаратының жанында
25 Павлодар қаласы Естай көшесі, "Жасыбай" автобус аялдамасы, № 101 тұрғын үйдің жанында
26 Павлодар қаласы Естай көшесі, "Ярмарка" автобус аялдамасы, № 141 тұрғын үйдің жанында
27 Павлодар қаласы Қамзин көшесі, "Баянтау спорткешені" автобус аялдамасы, № 20 тұрғын үйдің жанында
28 Павлодар қаласы Малайсары батыр көшесі, "Жиһаз фабрикасы" автобус аялдамасы, "Венеция" мейрамханасы ғимаратының жанында
29 Павлодар қаласы Пятигорская көшесі, "Восточный шағын ауданы" автобус аялдамасы, № 108 әкімшілік ғимаратқа қарама-қарсы
30 Павлодар қаласы "Облыстық аурухана" автобус аялдамасы, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратына қарама-қарсы
31 Павлодар қаласы Запорожская көшесі, "Целинная" автобус аялдамасы, № 41 тұрғын үйдің жанында
32 Павлодар қаласы "№ 18 мектеп" автобус аялдамасы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 18 жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
33 Павлодар қаласы Красноярская көшесі, "Ростовская" автобус аялдамасы, № 50 тұрғын үйдің жанында
34 Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, "Қайырбаев" автобус аялдамасы № 26 тұрғын үйдің жанында
35 Павлодар қаласы Академик Бектұров көшесі, "Жеңіс алаңы" автобус аялдамасы, № 91 тұрғын үйге қарама-қарсы
36 Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, "Оқушылар сарайы" автобус аялдамасы, № 27 әкімшілік ғимараттың жанында
37 Павлодар қаласы Естай көшесі, "Диагностикалық орталығы" автобус аялдамасы, "Small" супермаркеті ғимаратына қарама-қарсы
38 Павлодар қаласы Естай көшесі, "Диагностикалық орталығы" автобус аялдамасы, № 39 тұрғын үйдің жанында
39 Павлодар қаласы Астана көшесі, "Педколледж" автобус аялдамасы, № 139 тұрғын үйге қарама-қарсы
40 Павлодар қаласы Академик Сәтбаев көшесі, "Чехов" автобус аялдамасы, "Ekler" кондитерлік өнімдер дүкені ғимаратына қарама-қарсы
41 Павлодар қаласы Академик Сәтбаев көшесі, "М. Горький" автобус аялдамасы, № 243 тұрғын үйдің жанында
42 Павлодар қаласы Естай көшесі, "Орталық базар" автобус аялдамасы, № 132 тұрғын үйдің жанында
43 Павлодар қаласы Естай көшесі, "Орталық базар" автобус аялдамасы, № 79/1 әкімшілік ғимараттың жанында
44 Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 189, "8 март" автобус аялдамасы, әкімшілік ғимаратқа қарама-қарсы
45 Павлодар қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Кооператор" автобус аялдамасы, № 34 тұрғын үйдің жанында
46 Павлодар қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Кооператор" автобус аялдамасы, № 65 тұрғын үйдің жанында
47 Павлодар қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Толстой" автобус аялдамасы, № 44 тұрғын үйдің жанында
48 Павлодар қаласы Толстой көшесі, "Дом одежды" автобус аялдамасы, № 109 тұрғын үйдің жанында
49 Павлодар қаласы Толстой көшесі, "Таможня" автобус аялдамасы, № 96 тұрғын үйдің жанында
50 Павлодар қаласы Катаев көшесі, "Восток" сауда үйі" автобус аялдамасы, "Small" супермаркеті ғимаратына қарама-қарсы
51 Павлодар қаласы "Қ. Әбусейітов атындағы МДО" автобус аялдамасы, Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Естай атындағы Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында
52 Павлодар қаласы Катаев көшесі, "МДС" автобус аялдамасы, № 113 әкімшілік ғимараттың жанында
53 Павлодар қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Гулливер" сауда үйі" автобус аялдамасы, "Гулливер" сауда үйі ғимаратының жанында
54 Павлодар қаласы "Қазақ-түрік лицейі" автобус аялдамасы, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Дарынды ер балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
55 Павлодар қаласы Академик Шөкин көшесі, "ЖК Сарыарқа" автобус аялдамасы, № 155/5 тұрғын үйдің жанында
56 Павлодар қаласы Академик Шөкин көшесі, "Павлодар мемлекеттік университеті" автобус аялдамасы, "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы ғимаратының жанында
57 Павлодар қаласы "Пионерская" автобус аялдамасы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының Шапық Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
58 Павлодар қаласы Академик Шөкин көшесі, "Академик Бектұров" автобус аялдамасы, № 31 тұрғын үйдің жанында
59 Павлодар қаласы Академик Шөкин көшесі, 2/2, өзен вокзалы ғимаратына қарама-қарсы
60 Павлодар қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 288, "Асыл" дүкені ғимаратының жанында
61 Павлодар қаласы "Роддом" автобус аялдамасы, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "№ 1 Павлодар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанында
62 Павлодар қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "Айгүл дүкені" автобус аялдамасы, № 168 тұрғын үйдің жанында
63 Павлодар қаласы Ломов көшесі, "Полимер" автобус аялдамасы, № 137 тұрғын үйдің жанында
64 Павлодар қаласы "Затон базары" автобус аялдамасы, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының "№ 4 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
65 Павлодар қаласы "№ 4 емхана" автобус аялдамасы, "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының Павлодар қаласындағы "химия-биология бағытындағы" Назарбаев Зияткерлік мектебі" филиалы ғимаратының жанында
66 Павлодар қаласы Майра көшесі, "Майра" автобус аялдамасы, № 19 тұрғын үйдің жанында
67 Павлодар қаласы Майра көшесі, 27/1, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы ғимаратының жанында
68 Павлодар қаласы Бекхожин көшесі, "Усолка шағын ауданы" трамвай аялдамасы
69 Павлодар қаласы "Облыстық балалар ауруханасы" автобус аялдамасы, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық балалар ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанында
70 Павлодар қаласы Амангелді көшесі, "2-я Южная" автобус аялдамасы, № 11/2 тұрғын үйдің жанында
71 Павлодар қаласы Уральская көшесі, "Жаяу Мұса" автобус аялдамасы, № 106 тұрғын үйдің жанында
72 Павлодар қаласы "Гринвич" автобус аялдамасы, "Batyr mall" сауда-ойын сауық орталығы ғимаратының жанында
73 Павлодар қаласы "Гринвич" автобус аялдамасы, "Batyr mall" сауда-ойын сауық орталығы ғимаратына қарама-қарсы
74 Павлодар қаласы Ломов көшесі, 171, әкімшілік ғимараттың жанында
75 Павлодар қаласы Қамзин көшесі, "Диспетчерская" автобус аялдамасы, № 168 тұрғын үйдің жанында
76 Павлодар қаласы Қамзин көшесі, "Диспетчерская" автобус аялдамасы, "Керуен" сауда үйінің жанында
77 Павлодар қаласы "Тубполиклиника" автобус аялдамасы, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында
78 Павлодар қаласы Әлсейітов көшесі, 31, "Табыс" дүкені ғимаратының жанында
79 Павлодар қаласы Ворушин көшесі, "Альянс" автобус аялдамасы, № 10 тұрғын үйдің жанында
80 Павлодар қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "1-Саяжай" автобус аялдамасы
81 Павлодар қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, "2-Саяжай" автобус аялдамасы
82 Павлодар қаласы Қамзин көшесі, "Ладожская" автобус аялдамасы, № 364 тұрғын үйдің жанында
83 Павлодар қаласы Жаңаауыл шағын ауданы, 6-Жаңаауыл көшесі, 6/1, Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Естай атындағы Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында
84 Павлодар қаласы Теміржолшылар шағын ауданы, Кленовая көшесі, 77/1, Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Естай атындағы Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында
85 Жетекші ауылы М. Әуезов көшесі, 15, "Жетекші ауылы әкімі аппаратының Мәдени ойын-сауық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында
86 Жетекші ауылы Санияз би көшесі, "Конечная" автобус аялдамасы, № 3 тұрғын үйдің жанында
87 Кенжекөл ауылдық округі, Кенжекөл ауылы Ата заң алаңы, 3/1, "Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
88 Кенжекөл ауылдық округі, Кенжекөл ауылы Бейбарыс сұлтан көшесі, "Дружба" автобус аялдамасы, № 57 тұрғын үйдің жанында
89 Кенжекөл ауылдық округі, Кенжекөл ауылы Шоқтал көшесі, 58, "Жаңбыр" дүкені ғимаратының жанында
90 Кенжекөл ауылдық округі, Байдала ауылы Қуанов көшесі, 19, "Кенжекөл ауылдық округі әкімінің аппаратының Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында
91 Кенжекөл ауылдық округі, Долгое ауылы Мұрагер көшесі, автобус аялдамасы
92 Атамекен кенті Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 1, Атамекен кенті әкімі аппаратының "Атамекен кентінің № 15 сәбилер бақшасы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында
93 Атамекен кенті Мақажанов көшесі, 19, "Гастроном" дүкені ғимаратының жанында
94 Атамекен кенті Сарыарқа көшесі, 55/1, Атамекен кенті әкімінің аппараты Мемлекеттік мекемесінің "SUNQAR" дене шынықтыру-сауықтыру кешені" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жанында
95 Атамекен кенті Бұқар Жырау көшесі, "Элеватор" автобус аялдамасы, "Agrimer Zholkuduk" кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының жанында
96 Мойылды ауылы Абай көшесі, 1, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар қаласының № 38 негізгі жалпы білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында
97 Мойылды ауылы Ұлы Дала көшесі, "Конечная" автобус аялдамасы, № 3 тұрғын үйдің жанында
98 Павлодар ауылы Мәңгілік Ел көшесі, 4/3, "Қазпошта" акционерлік қоғамының Павлодар облыстық филиалы ғимаратының жанында
99 Павлодар ауылы Тайкелтір би көшесі, "Конечная" автобус аялдамасы, № 8 тұрғын үйдің жанында
100 Павлодар ауылы Тәуелсіздік көшесі, "Школьная" автобус аялдамасы, № 44 тұрғын үйдің жанында
 
Павлодар қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "10" наурыздағы
№ 275/5 қаулысына
2-қосымша
 Сайлаушылармен кездесулерді өткізуге арналған
үй-жайлар тізбесі Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-қосымша алынып тасталды - Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 12.09.2022 № 1496/3 қаулысымен (09.12.2020 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)