Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi белгілеу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 171 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 тамызда № 3979 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10335 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер белгіленсін.
2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д.Т. Құсбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсiн.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер