• Мое избранное
Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 10.07.2023 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 қазанда № 5202 болып тіркелді

Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 10.07.2023 № 4/49-VIII шешімімен (13.09.2019 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қоса берілген:
1) Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидалары;
2) Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14/136-V "Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 12/106-V "Оңтүстік Қазақтан облысының елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2345 тіркелген, 2013 жылғы 3 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) және 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 18/212-IV "Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4354 тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облыстық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Л. Тәшімов
Облыстық мәслихат хатшысы Қ. Балабиев
 
Түркістан облыстық
мәслихатының
2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/436-VI
шешімімен бекітілді
Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың
Қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидалары (бұдан әрі - Қағида ) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (бұдан әрі - Заң), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Қағида бұрыннан бар жеке тұрғын үй, азаматтардың саяжай учаскелеріне және мемлекеттік орман қоры учаскелеріне және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолданылмайды.
2. Қағида Түркістан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.
3. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
2) ағаштарды кесу - "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң ) 2-қосымшасының 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу (қайта отырғызу) бойынша жұмыс;
3) ұшарбасты қалыптастыру - белгілі бір эстетикалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу.
4) дендрологиялық жоспар - құрылыс салу аймағын ескере отырып көкжелектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді отырғызу жоспары;
5) жалпыға ортақ жерлер - алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
6) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
7) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
8) жасыл екпелер - азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
9) жасыл екпелерді жою - жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
10) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау - жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
11) жасыл екпелерді сақтау - абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
12) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) % - дан астамы аурулардан зақымданған болса, олар міндетті түрде кесілуі тиіс.
13) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын санау) - көгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық көрсете отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;
14) жасыл екпелер тізілімі - жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы;
15) жеке тұрғын үй - үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
16) көгалдандырылған аумақ - табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;
17) күтіп-баптау - өсімдіктердің жерасты бөлігін және топырағын күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту және өзге де іс-әрекеттер);
18) өтемдік отырғызу жоспары - отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге, санитариялық кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
19) өтемдiк отырғызу - уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;
20) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
21) санитариялық кесу – авариялық жағдай туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін), ауырған, құрғай бастаған, құрғақ және зақымданған бұтақтарды кесу;
22) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
23) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
24) ұйым –жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
25) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
26) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2 тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
1-параграф. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау шаралары
4. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, барлық жасыл екпелер аталған учаскелерде қалалар мен елді мекендердің қорғалуы тиіс бiрыңғай жасыл қор құрады.
5. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
6. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:
1) жасыл екпелерді отырғызу;
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
4) бүкіл вегетациялық кезең бойы жасыл екпелерді суару;
5) авариялық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу, ұшарбасты қалыптастыру;
6) тыңайтқыштар салу;
7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.
8. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиялары сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
9. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
10. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.
11. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы заңына сәйкес уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі.
12. Қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіруді 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
13. Жасыл екпелердің барлық түрі есепке алынады.
14. Жасыл екпелерді есепке алу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізілетін, есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман- патологиялық зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
15. Уәкілетті орган жасыл екпелер тізілімін және оларды есепке алуды жүргізеді.
16. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат ресімделген түгендеу жән орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ дендрологиялық жоспар болып табылады.
17. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша қызмет көрсетуді, сондай-ақ жалпыға ортақ жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізуді ұйымдар жүзеге асырады.
18. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман- патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратына жібереді.
19. Қалың өскен жасыл екпелер өздігінен құлаған кезде жасыл екпелерді қалпына келтіру уәкілетті органнын бекітілген дендрологиялық жоспарына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
2-параграф. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу), санитариялық кесу
20. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу) мынадай:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс объектілерін орналастыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жерүсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттігі;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатер тұғызатын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіретін ескі екпелерді санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылады.
21. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы санитариялық тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.
22. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды кесуді (қайта отырғызуды) уәкілетті органның рұқсатымен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.
23. Жалпыға ортақ жерлердегі ағаштарды санитариялық кесуді уәкілетті органның келісімімен осы жер учаскесінде қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.
Ағаштардың өздері, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігіне қауіп төндіретін төтенше немесе апатты жағдайлардың туындауы мүмкін жағдайларда ағаштарды кесу уәкілетті органның келісімінсіз жүргізіледі.
24. Ағаштарды санитариялық немесе мәжбүрлі кесу фактісі төтенше жағдайлар органдарының құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, келіннен уәкілетті органға хабарланады.
25. Ағаштарды кесу (қайта отырғызу) кесілген ағаштардың орнына жеке және заңды тұлғалардан өтемдік отырғызу туралы кепілхат ұсынылған жағдайда уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
3 - параграф. Ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізу тәртібі
26. Ағаштарды қалпына келтіру арнайы учаскелерде қаланың немесе елді мекеннің өтемдік ағаш отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда жерін құнарлы топыраққа ауыстыра отырып жүргізіледі.
27. Өтемдік отырғызу ағашты кесуге мүдделі болған азаматтар мен заңды тұлғалар есебінен жүргізіледі.
28. Ағаштарды кесу және санитариялық кесу кезінде ағаштарды өтемдік отырғызу ағаш көшеттерін отырғызу жолымен жүргізіледі.
29. Уәкілетті органның рұқсаты бойынша ағаштарды кесу кезінде қалпына келтірілетін ағаштарды өтемдік отырғызу бес есе көлемде жүргізіледі.
30. Заңды және жеке тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді.
Қайта отырғызулар ағаштардың солып қалуына әкеліп соққан жағдайда, бес есе көлемдегі өтемақы белгіленеді.
31. Ағаштарды өтемдік отырғызуды заңды және жеке тұлғалар өздерінің жеке меншік жерлерінде немесе маңындағы аумақтарда өз беттерінше, ал ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде көгалдандыруды, жасыл екпелерді күтіп-ұстауды жүзеге асыратын ұйымды қатыстыра отырып, жалпыға ортақ жерлерде жүзеге асырады.
32. Отырғызылған ағаш көшеттері солып қалған жағдайда, ағаштарды кесуге мүдделі болған тұлғалар немесе ұйым жасыл екпелерді қайтадан отырғызуды жүзеге асырады және ағаштарды отырғызған кезден бастап екі жылдың ішінде (ағаш көшетінің ұласып өсу кезеңі) олардың одан әрі күтіп бапталуын қамтамасыз етеді.
4- параграф. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
33. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексімен белгіленген жауапкершілікке тартылады.
 
"Түркістан облысының қалалары
мен елді мекендерінің аумақтарында
жасыл екпелерді күтіп-ұстау
және қорғау Қағидасына"
қосымша
 20___жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі
Жасыл екпелер обьектілерінің (учаскелерінің) алаңын жердің санатына, өсімдіктің типтеріне, функционалдық мақсатына қарай бөлу
Қала/елді мекен
      Әкімшілік аудан: (код)________________________________
      Жауапты иесі:_________________________________________
Жасыл екпелер тізілімі
 
Кесте
 
р/с № түгендеу / жасыл екпе паспортының № Жердің функционалдық мақсаты (екпелер санаты) Ағаш өсімдігі
Бірлі-жарым ағаштар, дана Топтар, куртиналар, дана Тоғайлар, алқаптар, дана Жол бойындағы екпелер, дана Жиыны, дана







Бұталы өсімдіктері
Бірлі-жарым, дана Жасыл қоршам қума метр (қ.м.) Қатарлап отырғызу, дана Топтық отырғызу, дана Барлығы, қ.м. / дана





Ашық кеңістіктер
ГҮЛЗАРЛАР
Жазғы метр2 Көпжылдық, метр2 Контейнер-лік, дана Вазон, метр2 Альпинарий, рокарий, метр2 Жиыны, м2/дана






КӨГАЛДАР
Партерлік, метр2 Кәдімгі, м2 Жер қыртысының жамылғысы, м2 Жиыны, м2/дана




Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар ) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі (бұдан әрі – Заң ), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына, "Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
2) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
3) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
4) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
5) уәкілетті орган – коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
6) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
7) шағын архитектуралық нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
8) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2-тарау. Қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру
1-параграф. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
4. Жеке және заңды тұлғалар барлық аумақта, оның ішінде жеке үй иелері аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермейді.
5. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды осы саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асырады.
5-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.
7. Жергілікті атқарушы органдар, қала аумағының және оның абаттандыруын сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру мақсатында, салу, қайта құру және жөндеу, аулаларды, көшелерді және алаңдарды қазумен байланысты жұмыс жүргізетін жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат жинайды.
8. Жалпыға ортақ жерлер және басқа орындарда жол жабындарын ашу, көшелерді, алаңдарды қопару бойынша жұмыстар, иелігінде аталған аумақтар тұрған тұлғалардың келісімдері бар болған жағдайда жүргізіледі.
9. Қалалық аумақты ашумен және жол төсемдерін, тротуар, газондар және басқа да объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізу барысында, заңды және жеке тұлғалар құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді орындауға міндетті.
10. Инженерлік желілерде апаттар болған жағдайда пайдаланушы ұйым оларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдайды. Бір мезгілде инженерлік желілері бар ұйымдарға (ұйымдар) олардың өкілдеріне апат орнына келу қажеттігі туралы хабарлайды және сәулет және жергілікті атқарушы органға абаттандыруды бастапқы қалпына келтіруді жүргізу туралы жазбаша хабарлайды.
11. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аумақтарда траншеялар мен шұңқырларды қазу жерасты коммуникацияларын салу үшін жеке және заңды тұлғалар мына шарттарды сақтай отыра жүргізіледі:
1) көшелерде, өту жолдарында, қаланың аулаларында сондай-ақ, адамдар және/немесе көлік қозғалысы бар орындарда әзірленетін траншеялар мен шұңқырлар қоршаулы болуы қажет;
2) қоршаулардаалдын ала  жазбаларын және белгілерін орнату қажет, ал түнгі уақыттаолар жарық шағылыстыратын қасиеттері және  сипатындағы дабылы болуы тиіс;
3) жаппай адамдардың жүріп-тұруына жанасатын жердегі уақытша құрылыс қоршаулары тұтас қорғаныс күнқағармен жабдықталуы қажет;
4) жер жұмыстарының өндірісі барысында құнарлы (топырақ) қабатын алу, сақтау және ұтымды пайдалану, қаланың барлық аумағында жүргізу керек;
5) өндіріс жұмыстары аймағына түсетін ағаштың діңін зақымданудан сақтау қажет.
12. Жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:
1) көшелерде, алаңдарда, жағажайларда, саябақтарда, скверлерде және басқа қоғамдық орындарда ластауға;
2) қатты тұрмыстық қалдықтар, ыдыстарды, өндірістік, тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды жалпы пайдалану орындарында, кәсіпорын және жеке тұрғын үйлердің ішкі ауласын қоса алғанда сондай-ақ, контейнерлерде от жағуға;
3) өндірістік кәсіпорындардың тазаланбаған суын су қомаларына лақтыруға;
4) үй жайлардын ішкі кварталдарында және жалпыға ортақ жерлерде су бөлетін құдықтарды, су қоймаларында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде көліктерді сондай-ақ кілем өнімдерін жууға, тазалауға және жөндеуге;
5) топырақты, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, ағаштардың бұтақтарын, оларды брезентпен немесе басқа материалмен жабусыз тасымалдауға;
6) кез-келген түрде және мамандандырылған кәсіпорын болып табылмайтын кез-келген бөгде ұйымдарға және жеке тұлғаларға, полигонда орналастыруға тыйым салынған қауіпті қалдықтардың нысанда иеліктен шығару;
7) кез-келген түрде және мамандандырылған кәсіпорын болып табылмайтын кез келген бөгде ұйымдарға және жеке тұлғаларға, коммуналдық қалдықтардың нысанда иеліктен шығару.
2-параграф. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру
13. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.
14. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.
15. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
16. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
17. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.
18. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес аумақтарды жарнамалық құрылғыларға бес метр радиуста тазартуды жарнама құрылғыларының меншік иелері мен олармен шарт бойынша тазартуды жүзеге асыратын ұйымдар орындайды.
19. Сауда объектілеріне іргелес жатқан, көшеде уақытша сауда жасау аумағының орындарын көшедегі жүру жолдарын қоса алғанда, сауда объектілерінің иелері тазартады.
20. Пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күтіп-ұстау жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс берушілер, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан ұйым жүргізеді.
21. Заңды және жеке тұлғаларға және іргелес жатқан ғимараттарға, орын-жайларға және басқа объектілерге бекітіліп берілмеген, пайдаланылмайтын және бөлініп берілмеген аумақтарды тазарту мен күтіп-ұстау жұмыстарына бөлінген қаржы шегінде бюджеттік қаражат есебінен ішкі ормадардың аудандарын жинау бойынша ұймдармен жүзеге асырылады.
22. Аула аумақтарын, аула ішіндегі өтпе жолдар мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан, шаңнан сыпыру механикаландырылған тәсілмен немесе қолмен кондоминиумның басқару органымен, коммуналдық шаруашылық ұйымдармен немесе қызмет көрсетуге шарт жасасқан тиісті ұйымдармен жүзеге асырылады.
23. Ауданның көп қабатты тұрғын үйлердің кондоминиумның басқару органы, мамандандырылған көлік құралдары үшін:
1) контейнерлер алаңдарына;
2) газтарату қондырғыларына;
3) қар және қоқыстарды жинау барысында тұрғын үйлердің ішкі орамдарына қолжетімдігін қамтамасыз ету қажет.
24. Жинау бойынша ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға, келесіге тыйым салынады:
1) аумақты санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды орындау барысында қоқысты көшелердің жүру бөлігіне және өтпе жолдарға жылжытуға;
2) қарды жинау барысында жасыл екпелерді зақымдауға және жоюға;
3) жағалау аумағына қоқысты, балшықты, ластанған қарды, тазаланбаған өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды тастауға;
4) ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға.
25. Жапырақтар түсетін кезеңде, бөлінген аумақтарды тазалауға жауапты ұйымдар көгалдардан, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарынан түскен жапырақтардың күреуін және шығаруын, жүргізеді.
26. Уақытылы санитарлық тазалауды қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушінің келісімі бойынша күту режимінде болатын машиналар мен механизмдердің тәулік бойғы кезекшілігі қар шығару ұйымдарымен ұйымдастырылуы керек.
27 Қар шығару бойынша ұйымдармен қарды кейіннен қатқан мұздан жинауды жүргізу барысында, бірінші кезекте, жаяу жүргіншілерге арналған тратуарлар, аулаға кіреберістер, қоқысты жинау үшін контейнерлерге және өрт гидранттарына, сондай-ақ газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау қондырғылары мен қосалқы трансформаторлар үшін жолдар тазартылады.
28. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізгізу кезінде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.
29. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларға, жауын суын қабылдайтын құдықтарға және арық жүйесіне қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.
30. Жер үстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
31. Қала аумағынан жерүсті және жерасты суларын бұруға арналған арналарды, құбырларды және дренаждарды профилактикалық тексеру, тазалау, нөсерлі кәріз, жаңбыр қабылдағыш құдықтардың коллекторларын тазалау жұмыстарын айына бір реттен кем сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарымен жүргізіледі.
32. Жеке және заңды тұлғалар жаңбыр қабылдағыш құдықтардың торларының жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді, торлар мен құдықтарды ластауға, тұнбалауға жол берілмейді.
33. Көшелер мен өтпе жолдардан қарды шығару жергілікті атқарушы органдар айқындаған жерлерге жүзеге асырылады.
34. Қарды уақытша жинау орындары қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылады және абаттандырылады.
3-параграф. Қалдықтарды жинау және шығару
35. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.
36. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде орналаспаған және меншікті контейнерлік алаңдары жоқ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын субъектілермен шарттар жасауға құқылы.
37. Контейнерлік алаңдарда ауқымы мен көлемі контейнерлерден асатын қалдықтарды шығару меншік иелерімен немесе қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.
38. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды ұйымдар уәкілетті орган белгілеген бекітілген кестеге сәйкес мерзімдерде жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.
39. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес, қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.
40. Үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңдардың бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қақпақтары бар контейнерлерді қолданған жөн.
41. Жеке тұрғын үйдің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелерінде контейнерлік алаңның аумағында орналасқан күлді жинау үшін арнайы контейнерлердің болуына құқылы.
42. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған үй иелерінен сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.
43. Жеке және заңды тұлғалармен сұйық қалдықтар, кәріз желілерін пайдаланушы ағын суларды қабылдауды анықтайтын мамандандырылған пунктіне ағызылады. Арнайы емес құдықтарға сұйық қалдықтарды өз еркімен ағызуға жол берілмейді.
44. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.
45. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға болмайды.
46. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй бар пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
47. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар істен шыққан шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.
48. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар мыналарды:
1) контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) оларға уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз контейнерлерді ауыстырады;
3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
4) ҚТҚ, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасу;
49. Жеке және заңды тұлғаларға тыйым салынады:
1) тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстары бар ыдыстарды көшелерге, қоғамдық пайдалану орындарына, баспалдақ аудандарына шығаруға;
2) үйінділерді жасауға, жерге қоқысты көміп тастауға;
3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, контейнерлерге орнықтыруға және ҚТҚ жатпайтын қоқысты алаңдарда, оның іргелес аумақтарында жинауға;
4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;
5) жеке тұрғын үйлерге іргелес аумақтарда, ғимараттар мен құрылыстарда қоқыстарды жинауға;
50. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.
51. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде құрамында сынап бар істен шыққан шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.
52. Пайдаланылған құрамында сынап бар лампаларды, құралдарды және басқа да қауіпті қалдықтарды, полигонда қалдықтарды орналастыруға тыйым салынған қалдықтарды жинау және олардың пайда болу көзінен тасымалдау тек қана оларды қайта өңдеуге/кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдармен жүргізіледі.
53. Вокзалдарда, базарларда, әуежайларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлiгі аялдамаларында, сауда объектілерінің кіреберістерінде қоқысқа арналған құтылар орнатылады. Халықтық жаппай баратын орындарында құтылар бір-бірінен кемінде 50 метр арақашықтықта, аулаларда, саябақтарда, алаңдарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта құтылар орнатылады. Жолаушылар көлiгі аялдамаларында және сауда объектілерінің кіреберістерінде екi құтыдан орнатылады.
54. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толуына қарай, бiрақ кемінде күніне бір рет тазартылады.
Құтылар ластануына қарай, бiрақ кемінде аптасына бір рет жуылады.
55. Құрылыс қоқыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында асфальт бөлімін шығару, қаланың басты магистральдарда жүргізген ұйымдармен – тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде шығарылады.
4-параграф. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
56. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй алаңдары қоқыс контейнерлеріне, кір кептіруге, балалар демалуға, ойнауға, спортпен айналысуға, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.
57. Ұйымдар, ауланы абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтағаннан соң, жергілікті атқарушы органдармен жасалған шарттар бойынша шағын архитектуралық нысандарды ағымдағы күтіп ұстауын жүзеге асырады.
58. Шағын архитектуралық нысандардың жарамсыздығына байланысты элементтердің ауыстыруын жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.
59. Иелігінде инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар абаттандырылуының бұзылуына алып келетін инженерлік желілер мен құрылғылардың техникалық жағдайын қадағалап отыруы керек.
60. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
5-параграф. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
61. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.
62. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
6-параграф. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
63. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі – таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.
64. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.
65. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.
66. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері дереу жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
67. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
68. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
69. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де оларды тазалықта ұстайды.
7- параграф. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік
70. Осы Қағиданы бұзғаны үшін, жеке және заңды тұлғалар меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке тартылады.