• Мое избранное
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 22.02.2024 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 31 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 02 наурызда № 4115 болып тіркелді

Күші жойылды - Жетісу облысы Текелі қаласы әкімдігінің 22.02.2024 № 48 қаулысымен (16.02.2017 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына және "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бес пайызы мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бес пайызы мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
3. Ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым жұмысшыларының тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін. 
4. Текелі қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Текелі қаласындағы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 420 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2255 тіркелген, 2013 жылдың 11 қаңтарында "Текелі тынысы" газетінде жарияланған); 
2) "Текелі қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 420 "Текелі қаласындағы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 06 қазандағы № 309 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2870 тіркелген, 2014 жылдың 24 қазанында "Текелі тынысы" газетінде жарияланған).
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Дуйсебаев Руслан Ертаевичке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі Б. Унербаев