• Мое избранное
Кентау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Кентау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 23 мамырдағы № 129 қаулысы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кентау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.
Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев
Кентау қаласы әкімдігінің
23 мамыр 2016 жылғы № 129
қаулысына қосымша
Кентау қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбeсі
1. Кентау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 ақпандағы № 26 "Ауыл әкімі аппараттарының ережелерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3045 тіркелген, 2015 жылғы 28 ақпанда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
2. Кентау қаласы әкімдігінің 11 наурыз 2015 жылғы № 70 "Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3110 тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
3. Кентау қаласы әкімдігінің 8 сәуір 2016 жылғы № 95 "Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3141 тіркелген, 2015 жылғы мамырда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы;
4. Кентау қаласы әкімдігінің 4 желтоқсан 2015 жылғы № 328 "Кентау қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3507 тіркелген, 2016 жылғы 16 қаңтарда "Кентау", "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) қаулысы.