Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттарын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 399 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 7 қарашада № 3781 тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттардың негізінде 1-қосымшаға сәйкес, 2009 жылғы шілдеге дейін су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленген учаскелерден басқа, Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Осы қаулының 1-тармағымен белгіленген Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Қостанай қаласының және Қостанай ауданының әкіміне:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалымен бірлесіп (келісім бойынша) өз құзіреті шегінде, мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізіп, су қорғау белдеулерінің жерін су қорының жеріне аудару жөнінде шаралар қолдансын;
жер пайдаланушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекаралары мен оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше жағдайларын және режимін жеткізсін;
осы қаулының 1-тармағымен белгіленген, су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде орналасқан және су объектілерінің жағдайына зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыс жүргізсін.
4. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша экология департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және өз құзыреті шегінде су қорғау аймақтары мен белдеулерінде шаруашылық қызметі режиміне талаптардың сақталуына бақылауды күшейту ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | С. Кулагин |
| Әкімдіктің 2011 жылғы 7 қазандағы № 399 қаулысына 1-қосымша |
Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулері
Су объектісі, оның телімі | Су қорғау аймағы | Су қорғау белдеуі | Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр) |
шекараның ұзындығы (метр) | ауданы (гек- тар) | ені (метр) | шекара- ның ұзынды- ғы (метр) | ауданы (гек- тар) | ені (метр) |
Тобыл өзені Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекара- сында сол жағалау учаске- сінде Тобыл өзені арқылы теміржол көпірден Құнай кентіне дейін | 34470 | 2058,8879 | 35-1000 | 59736 | 547,7164 | 35-100 | 126,65 |
Тобыл өзені Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекара- сында оң жағалау учаскі- сінде Құнай кентінен Тобыл өзені арқылы теміржол көпірге дейін | 38512 | 3652,0074 | 35-1000 | 97720 | 615,1036 | 35-100 |
| Әкімдіктің 2011 жылғы 7 қазандағы № 399 қаулысына 2-қосымша |
Қостанай қаласы және Қостанай ауданы шекарасындағы Тобыл өзені және соған іргелес аумақ акваториясының су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруақорлықпен пайдаланудың тәртібі мен ерекше шарттары
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) 2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.