• Мое избранное
Сарыколь ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Сарыколь ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Бірлескен Қостанай облысы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 6 бр қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2010 жылғы 19 қазандағы № 340 шешімі. Қостанай облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 19 қарашада № 3738 тіркелді

Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (19.10.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 6) тармақшасына, 8 және 11-баптарына сәйкес және Сарыкөл ауданының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының пікірін есепке ала отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 
1. Тұрғындар саны 50 адамнан кем мына елді мекендер таратылсын:
Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Ақсу ауылы;
Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Есіл ауылы;
Сарыкөл ауданы Тагильский ауылдық округінің Новодудаковка ауылы.
2. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Ақсу ауылы Сарыкөл ауданы Лесной ауылдық округінің Большие Дубравы ауылының құрамына;
Есіл ауылы Сарыкөл ауданы Ленинград ауылдық округінің Қарашілік ауылының құрамына;
Новодудаковка ауылы Сарыкөл ауданы Тагильский ауылдық округінің Тагильское ауылының құрамына.
3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай облысың әкімі                     С. Кулагин
      Сессия төрағасы                            С. Есжанов
Қостанай облыстық 
       мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов