• Мое избранное
Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық жер салығының мөлшерлемелерін көтеру туралы
Внимание! Документ утратил силу с 27.01.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық жер салығының мөлшерлемелерін көтеру туралы Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 20 тамыздағы № 28/7 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 қыркүйекте № 4921 болып тіркелді

Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 27.01.2022 № 17/4 шешімімен (20.08.2018 жылғы редакцияны қараңыз).(01.01.2022 бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексі 509-бабының 5-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық жер салығының мөлшерлемелері он есеге көтерілсін.
2. Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы 45 сессиясының № 45/6 "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін көтеру туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3513 тіркелген, 2015 жылы 30 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылы 2 желтоқсанда "Вечерняя Караганда" газетінің № 48 (344) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Сессия төрағасы Г. Мусина
Мәслихат хатшысы А. Ломакин